Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады

Музыкалық аспаптарды әуе кемесінде тасымалдау ережесі өзгереді.

Фото: Ertenmedia.kz

Көлік министрлігі әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Жоба бойынша, алғаш рет нормативтік деңгейде жолаушылардың музыкалық аспаптарды әуе кемесінің салонында қол жүгi ретінде алып жүру құқығы бекітіледі.

Жаңа талаптарға сәйкес, музыкалық аспаптар (соның ішінде домбыра мен қобыз) футлярда тасымалдануға тиіс. Олардың өлшемі 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 кг-нан аспауы қажет.

«Егер жолаушы тек бір музыкалық аспаппен сапар шексе, ол қол жүгi ретінде тегін тасымалданады. Ал аспап қосымша жүк ретінде рәсімделсе, белгіленген нормадан асқан жағдайда әуе компаниялардың қолданыстағы тарифтері бойынша ақы алынады», – делінген хабарламада.

Министрлік бұл өзгерістер азаматтардың өтініштері негізінде әзірленгенін атап өтті. Жоба жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әуе тасымалында музыкалық аспаптарды алып жүру тәртібін нақтылауға бағытталған.

Түзетулерді қабылдау 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін жоспарланып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-06
Утром14.33 ℃
Днем18.12 ℃
Вечером19.07 ℃
Ночью17.62 ℃
Влажность67 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра3.15 м/с
2026-06-07
Утром12.96 ℃
Днем19.2 ℃
Вечером20 ℃
Ночью15.28 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.55 м/с