Қазақстанда аусыл тіркелмеген – вице-министр желідегі шуға жауап берді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, жағдайды тұрақты деп атады.

ашық дереккөзден

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аусыл ауруы тіркелмеген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министр әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, нақты жағдай бақылауда екенін айтты.

Желіде әртүрлі әңгіме өршіп жатыр. Білмесе де, сарапшылар көбейіп кетті. Көрші елдерде болып жатқан жағдайлардың бәрі бізде тіркелмеген. Біз мал арасында мұндай инфекциялар таралмау үшін шекараны жаптық. Транзитке де жабық. Ешкім мал өнімдерін шекарадан әкеле алмайды. Ішкі жағдайды айтсақ, 22 індетке вакцинация жасаймыз. Қазір тұрақты екпе жасап, жұмысымыз жалғасып жатыр. Қазақстанда аусыл аурулары ауыл шаруашылығында, болмаса сыртта жүрген жануарлардың арасында болсын, тіркелмеген. Мұны біз бақылап отырмыз, – деді Бердалин.

ғаламтордан

Оның айтуынша, соңғы бір ай ішінде ел бойынша 477 өңірден сынама алынған. Барлығы теріс нәтиже көрсеткен.

Біз қарасан, ринотрахеит және тіпті туберкулезге қарсы алдын алу шарасын жүргіземіз. Жалпы елімізде көп жыл 68 індет тіркелген еді, ал қазір оның 22-cі қалды, – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол халық арасында аусыл мен ринотрахеитті шатастыру жиілегенін айтты.

477 сынама алсақ, оның 2 сынамасы ринотрахеитке оң нәтиже берді. Біз соған байланысты шараны қолға алдық. Сол инфекция аусылға ұқсайды, – деп түйіндеді Аманғали Бердалин.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с