Қазақстандықтардың нақты жалақысы төмендеді

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (СЖРА) ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) деректеріне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында қазақстандықтардың нақты жалақысы 2025 жылдың І тоқсанына қарағанда 2,3%-ға төмендеді.

ашық дереккөзден

«Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылғы I тоқсанда Т461 486-ны құрады. 2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде – 97,7% өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша Т331 527-ні құрады», — делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

СЖРА ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%, қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 16,5 %, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 14,7%, көлік және жинақтау – 12,9%, өнеркәсіп – 11,6% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0%-ға, білім беру – 4,2% өсті.

«Өңірлік бөліністе 2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Абай облысында – 14,2%, Павлодар облысында – 12,4%, Жетісу облысында — 12,2 %, Алматы облысында – 10,9% және Алматы қаласында – 10,7%-ды құрады», — деп айтылған хабарламада.

kaztag.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем25.09 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с