Қазақстандықтарға жарты жылдық ақылы демалыс алу мүмкіндігі берілмек

Қазақстанда жалақысы мен жұмыс орны сақталатын ұзақ мерзімді демалыстың жаңа түрі ұсынылды. Осыған байланысты Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілмек.

Қазақстандықтар үшін жарты жылға дейін ақылы демалыс алудың жаңа мүмкіндігі пайда болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда жалақысы мен жұмыс орны сақталатын ұзақ мерзімді демалыстың жаңа түрі ұсынылды. Осыған байланысты Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілмек.

Сенатта “Еңбек заңнамасын жетілдіру туралы” заң жобасы қаралды. Құжаттағы негізгі нормалардың бірі – жұмысын оқуымен немесе ғылыми қызметпен қатар алып жүрген қызметкерлерге алты айға дейін оқу демалысын беру.

Қазір оқу демалысы көбіне емтихан тапсыру, диплом жазу немесе зертханалық жұмыстарды орындау сияқты оқу процесіне байланысты беріледі. Енді заңда оны мына мақсаттар үшін де пайдалану мүмкіндігі нақты көрсетілмек:

  • әскери даярлық резерві бағдарламаларынан өту;
  • диссертация жазу және қорғау;
  • ғылыми зерттеу жүргізу;
  • өзге де ғылыми жұмыстармен айналысу.

Сонымен қатар оқу демалысының ұзақтығы алты айдан аспауы тиіс деген шектеу белгіленеді.

“Бұған “Болашақ” халықаралық стипендиясы аясында шетелде оқу немесе тағылымдамадан өту жағдайлары кірмейді. Тараптардың келісімі бойынша оқу демалысы бөліп-бөліп берілуі мүмкін”, – делінген құжатта.

Ең маңызды өзгерістердің бірі – оқу демалысы кезінде қызметкердің жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталуы тиіс болады. Бұған дейін мұндай кепілдіктер заңда нақты бекітілмеген еді. Сол себепті көбіне жұмыс берушінің шешіміне немесе ішкі келісімдерге байланысты болған.

Ал “Болашақ” бағдарламасының қатысушылары үшін бөлек норма қарастырылған. Олардың жұмыс орны сақталады, алайда шетелде оқу немесе тағылымдамадан өту кезеңіндегі жалақыны төлеу мәселесін жұмыс беруші өзі шешеді.

“Іс жүзінде жұмыс пен ғылыми зерттеуді қатар алып жүру, әсіресе қарқынды академиялық кезеңдерде, өте қиын болуы мүмкін”, – делінген заң жобасына берілген түсіндірмеде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с