Халық Кеңесі құрамына кімдер кіре алады?

Жобаға сәйкес, Халық Кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар, өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер өкілдерінен паритеттік негізде қалыптастырылады.

ашық дереккөзден

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Orda.kz.

Парламент бірінші оқылымда «Халық кеңесі» туралы конституциялық заң жобасын қабылдады. 

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев атап өткендей, Конституциялық заң жобасында «Қазақстан Халық Кеңесі» жоғарғы конституциялық консультативтік орган ретінде құқықтық мәртебесі айқындалады.

Заң жобасының негізгі тұжырымдамасы қоғам мен мемлекет арасындағы жалпыұлттық диалогтың орнықты тетігін институционалдандырудан тұрады. Қазақстан Халық Кеңесі «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың негізгі құралы.

«Референдум өткізу туралы заң жобалары мен бастамаларды енгізуді қоса алғанда, негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын Сессия жоғары орган болып табылады. Сессиялар аралығындағы кезеңде тұрақты алқалы орган — Төралқа жұмыс істейді, ол ағымдағы қызметті және шешімдерді дайындауды қамтамасыз етеді», деп нақтылады вице-министр. 

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесін халықтың мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган ретінде бекіту ұсынылады.

Жаңа орган ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Сонымен қатар, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық референдум өткізуге бастамашылық жасау және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ету құқығына ие болады.

Жобаға сәйкес, Халық Кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар, өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер өкілдерінен паритеттік негізде қалыптастырылады.

Заң жобасын таныстарған Ерлан Сайыровтың айтуынша, Халық Кеңесі жылына кемінде бір рет шақырылатын сессиядан және президиумнан тұрады.

Бұдан бөлек, оның аясында комитеттер, комиссиялар мен жұмыс топтарын құру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, заң жобасында Кеңес құрамын қалыптастыру тәртібі, мүшелеріне қойылатын талаптар, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өкілеттіктерін тоқтату тетіктері нақты регламенттелген.

Құжатта Кеңес хатшылығының мәртебесі де айқындалған. Ол мемлекеттік орган ретінде құрылып, бюджет есебінен қаржыландырылады. Дегенмен, хатшылық құрамы шағын болады – шамамен 10 адамнан аспайды.

Ал Халық Кеңесі мүшелері қоғамдық негізде, яғни жалақысыз жұмыс істейді. Кеңес төрағасы Қазақстан азаматы болуы тиіс және қоғаммен жұмыс істей алатын, осы салада тәжірибесі бар әрі халық арасында қоғамдық-саяси беделі жоғары тұлға болуы қажет.

Жалпы алғанда, Халық Кеңесінің құрамына 126 адам кіреді.

Жекелеген кейбір бағыттарды пысықтау үшін тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтары құрылады. Қызметті ұйымдастырушылық және талдамалық сүйемелдеуді мемлекеттік орган ретінде жұмыс істейтін Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы қамтамасыз ететін болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с