Оралда « AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы» фестивалі өтеді

23 және 24 мамырда Орал қаласында «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы 2.0» екінші халықаралық фестиваль өтеді. Тұңғыш Президент алаңында Қазақстан, АҚШ, Венгрия, Қырғызстан және Өзбекстаннан қой шаруашылығы саласының өкілдері жиналады.

Фото көзі: ElDala.kz

«Ауыл» партиясы әйгілі «Еділбай» қой тұқымының отаны – Батыс Қазақстан облысында Екінші халықаралық « AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы» фестивалін ұйымдастырады. Бұл бірегей іс-шара дәстүрлер мен инновацияларды біріктіріп, әлемнің 4 елінен – АҚШ, Венгрия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген қой шаруашылығы саласының үздік өкілдерін жинайды.

Іс-шара аясындағы бағдарламада:

  • «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы 2.0» атты Халықаралық фестивальдің форумы
  • Қой шаруашылығы саласындағы жетістіктер көрмесі
  • Студенттік жастар жасақтарын салтанатты шығарып салу
  • Қой жүнінен тігілген киімдер сән көрсетілімі, дефиле және табиғи қой терісінен тігілген киімдер байқауы, коллекциялардың жәрмеңкесі
  • Еттің хас шеберлерінің қатысуымен өтетін қой еті мен қозы етінен жасалған тағамдар кулинарлық байқауы
  • Қазақтың тазы және төбет тұқымды иттерінің көрмесі
  • Ұлттық ойындар мен этноспорт түрлері: садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ, қошқар көтеру, хан талапай, бес асық, ләңгі тебу, арқан тарту
  • Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама

Фестиваль тек жарқын этномәдени шара ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды бағыттардың бірі болып саналатын қой шаруашылығын дамыту мен инвестиция тартуға арналған тиімді алаң болмақ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с