Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды

Бұйрық 2026 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 4 мамырдағы сұйытылған мұнай газын тасымалдау мәселелері жөніндегі бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен алты ай мерзімге елден шығаруға тыйым салынды.

Алайда бұл шектеу төмендегі жағдайларға қолданылмайды:

  • өнімді бөлу туралы келісім немесе жер қойнауын пайдалану келісімшарты аясында өндіріс жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың экспортына;
  • Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан өндірілген қазақстандық шикізаттан дайындалған (қайта өңделген) тауарларды Қазақстанның халықаралық шарттары негізінде сыртқа шығаруға;
  • басталуы мен аяқталуы Қазақстаннан тыс жерде болатын транзиттік тасымалдарға;

Қазақстан Үкіметінің шешімімен көрсетілетін гуманитарлық көмек аясында шығарылатын өнімге.

Бұйрық 2026 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға тыйым 2025 жылдан бері бірнеше рет ұзартылып келеді. Соның ішінде бұл шектеу 2025 жылғы 14 қарашадан бастап та ұзартылған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с