Жалпақталда Эйфель мұнарасы бой көтереді
Жалпақталда 10 жылдан бері мектеп түлектерінен ауылға тарту таралғы жасайтын дәстүр бар. Осы жылдар ішінде олар бірнеше саябақ, ойын алаңдарын, мүсіндер мен субұрқақ салды. Бұл жолғы түлектер ең әйгілі мұнараны тұрғызуға бел буған.

Батыс Қазақстандағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі орнатылуда. 30 метр биіктегі құрылыс ауылға жергілікті мектептің түлектері сыйға тартуға шешім қабылдаған.
Ауылда 10 жылдан астам уақыт бұрын мектеп түлектері арасында ерекше дәстүр басталған болатын. Олар мектеп бітірген жылдарының мерейтойын атап өткенде ауылға үлкен сый жасайды.
Осы уақытқа дейін олар бірнеше саябақтар, балалар алаңдары, мүсіндер мен фонтандар салған. Ал бұл жолы ең әйгілі мұнараны сыйлауды жөн көріпті.

Эйфель мұнарасының Жалпақталдағы көшірмесі 30 метрді құрайды.
Жалпақтал әлеуметтік орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі директоры Болатбек Сармановтың әлеуметтік желідегі парақшасында, бұл Париждегі әйгілі мұнараның Қазақстандағы ең биік көшірмесі болатынын жазды.

