Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейге баруды жоспарлаған азаматтарға үндеу жасады

Ресей аумағына кіру кезінде шетел азаматтарына қатысты қосымша талаптар енгізіледі.

ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Ресейге баруды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға қойылатын жаңа талаптар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Ресей аумағына кіру кезінде шетел азаматтарына қатысты қосымша талаптар енгізіледі.

«2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеу немесе оқу мақсатында баратын Қазақстан азаматтары үшін «Госуслуги RuID» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болады. Жаңа тәртіпке сәйкес, шетел азаматтары аталған қосымшада жеке профиль ашып, Ресей Федерациясына кіру туралы электронды өтінішті шекарадан өтуден кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы қажет», – деді Ерлан Жетібаев 20 мамырдағы брифингте.

Ол өтініш қаралғаннан кейін жүйеде азаматтың Ресейге кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптасатынын түсіндірді. Бұл QR-код өтініш берілген күннен бастап 90 күн бойы жарамды болады.

Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Ресейге сапарды алдын ала жоспарлап, жаңа ережелермен алдын ала танысып шығуға кеңес берді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-09
Утром15.8 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью18.54 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.64 м/с
2026-06-10
Утром17.71 ℃
Днем24.5 ℃
Вечером25.09 ℃
Ночью19.19 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра4.25 м/с