БҚО-да ауыл маңынан медициналық қалдықтар табылды

Анықталған қалдықтардың арасында адам мен ірі қара малдың (ІҚМ) қаны бар сынауықтар, пайдаланылған шприцтер, бинттер және басқа да медициналық шығыс материалдары бар.

Фото: бейнеден алынған скрин

Қоғам белсендісі Алмагүл Иқсанованың Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, қауіпті медициналық қалдықтардан адамдардың ауру жұқтыруы ықтимал.

– Оқиға орнына прокуратура өкілдерін шақырып, тиісті шара алынуын сұрадық. Медициналық қалдықтар лақтырылған жерден өзен де қашық емес, — дейді А.Иқсанова.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 5 маусым күні қоқыс аумағынан қолданылған шприцтер мен биологиялық материалы бар пробиркалар анықталған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары полиция және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерімен бірге оқиға орнына барып, медициналық қалдықтардың төгілгенін растады.

Фото: бейнеден алынған скрин

Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек полиция органдарында тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, медициналық қалдықтарды жинау және жоюмен айналысатын ұйымның қызметкерлері қалдықтарды заңсыз төгуі мүмкін. Қазіргі уақытта аумақ тиісті мемлекеттік органдардың бақылауына алынған.

Бәйтерек аудандық әкімдігінің нақтылауынша, 4 маусым күні сағат 23:30 шамасында Байқоныс ауылдық округі аумағындағы полигонға «ГАЗель» автокөлігімен қалдықтарды заңсыз төгу фактісі анықталған. Тексеру барысында медициналық мақсатта пайдаланылған сынама алу пробиркалары, бейнеампулалар және өзге де медициналық қалдықтарды төгіп жатқан азамат құқық қорғау органдары қызметкерлерімен оқиға орнында ұсталған.

Оқиға орнына аудан прокуратурасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері барып, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары әкімшілік хаттама толтырған.

Фото: бейнеден алынған скрин

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда. Кінәлі тұлғалар анықталған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылады.

Мұндай қалдықтар қауіпті медициналық қалдықтар санатына жатады және адамдардың денсаулығына, жануарларға және қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп төндіреді.

Ең басты сұрақ – бұл медициналық қалдықтар қоқыс полигонына қалай түскен? Оларды жинау, сақтау, тасымалдау және жою талаптарын кім бұзған? Неліктен қауіпті қалдықтар ашық жерде жатыр?

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-23
Утром24.06 ℃
Днем30.29 ℃
Вечером33.82 ℃
Ночью27.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.59 м/с
2026-07-24
Утром23.47 ℃
Днем35.02 ℃
Вечером33.83 ℃
Ночью28.26 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.65 м/с