Қазақстанда алтын неке жүзіктерінің бағасы күрт қымбаттап кетті

Елде бұл санаттағы зергерлік бұйымдардың бағасы соңғы үш жыл бойы үздіксіз өсіп келеді.

ашық дереккөзден

Қазақстанда алтыннан жасалған неке жүзіктерінің бағасы рекордтық қарқынмен өсіп жатыр. 2026 жылдың сәуірінде үйлену тойының басты символы саналатын заттың бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 47% қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Елде бұл санаттағы зергерлік бұйымдардың бағасы соңғы үш жыл бойы үздіксіз өсіп келеді.

2024 жылдың қараша және желтоқсан айында алтын неке жүзіктері алдыңғы айлармен салыстырғанда тиісінше 6,2% және 8,3% қымбаттаған. Ал 2026 жылы да өсім қарқыны бәсеңдеген жоқ. EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, наурызда баға бір айда 5,5% көтерілсе, сәуірде тағы 3,7% өскен.

алтын

Фото: energyprom.kz

Жыл сайын алтын жүзіктердің бағасы рекорд жаңартып келеді. Мысалы, 2024 жылдың көктемінде жылдық өсім небәрі 3,6% болса, 2025 жылдың сәуірінде 29,7%-ға жеткен. Ал биыл бұл көрсеткіш 47% болды.

ЕҢ КӨП ҚЫМБАТТАҒАН ӨҢІРЛЕР

Қазақстан өңірлеріндегі баға өсімі әртүрлі болды. Алтын неке жүзіктері ең қатты қымбаттаған өңір – Ақмола облысы. Мұнда бір жыл ішінде баға 84,7% өскен.

алтын

Фото: energyprom.kz

Одан кейін:

  • Ұлытау облысы – 71%;
  • Жамбыл облысы – 68%.

Ал Алматы қаласында алтын жүзіктердің бағасы 58,3%-ға өсіп, республикалық орташа көрсеткіштен айтарлықтай асып түсті.

Ең төмен өсім мына өңірлерде тіркелді:

  • Маңғыстау облысы – 17,3%;
  • Қызылорда облысы – 24,7%;
  • Павлодар облысы – 29%.

АЛТЫН БАҒАСЫ ҚЫМБАТ

Сарапшылардың айтуынша, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың бағасы қымбат металдың өз құнының өсуіне байланысты артып отыр. Егер 2021 жылдың көктемінің соңында бір грамм алтын шамамен 26 мың теңге тұрса, 2026 жылдың мамырында оның бағасы 68 мың теңгеге жеткен. Осылайша бес жыл ішінде алтынның құны 2,6 есеге өсті.

алтын

Фото: energyprom.kz

Әсіресе соңғы екі жылда баға күрт көтерілген. 2024 жылдың мамырынан 2026 жылдың сәуіріне дейін алтынның бағасы екі еседен астам қымбаттаған.

ӨНДІРІС КӨЛЕМІ ДЕ АРТҚАН

Соған қарамастан, Қазақстанда алтын өндіру көлемі де айтарлықтай көбейіп келеді.

алтын

Фото: energyprom.kz

2026 жылдың алғашқы төрт айында өндіріс көлемі өткен жылдың қаңтар–сәуір айларымен салыстырғанда 161,4% артқан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-23
Утром24.06 ℃
Днем30.29 ℃
Вечером33.82 ℃
Ночью27.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.59 м/с
2026-07-24
Утром23.47 ℃
Днем35.02 ℃
Вечером33.83 ℃
Ночью28.26 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.65 м/с