БҚО-да ауыл қоқысындағы қауіпті медициналық қалдықтар толықтай жиналып, қауіпсіз жерге көшірілді

Қазір жауапты қызметтер өрескел заңбұзушылыққа кім жол бергенін анықтап жатыр.

ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс ауылындағы қоқыс полигонының аумағынан адам шошырлық қауіпті медициналық қалдықтар табылды. Тұрмыстық қалдықтардың арасында адамның қан сынамалары құйылған арнайы бір реттік ыдыстар мен пайдаланылған шприцтердің шашылып жатқанын ең алдымен жергілікті тұрғындар байқап, дабыл қаққан.

Осы ақпарат негізінде аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, полиция қызметкерлері және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, бірлескен тексеріс жұмыстарын бастады.

Қауіпті инфекциялардың қоршаған ортаға және жерасты суларына таралуын болдырмау мақсатында шұғыл медициналық-санитарлық шаралар қолға алынды.

Гүлдана Кереева, БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Біздің басқарма облыстық Экология департаментімен бірлесе отырып, оқиға орынындағы топырақтан микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу үшін арнайы сынамалар алды. Індеттің бар-жоғын анықтайтын бұл алдын ала зерттеу нәтижелері 3-7 күн аралығында дайын болады.

Сонымен қатар, қауіптің алдын алу мақсатында бүгінгі күні медициналық қалдықтар заңсыз төгілген тұтас аумақта құрамында хлоры бар арнайы дезинфекциялық препараттарды қолдану арқылы мұқият залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстарын жүргіздік.»

ғаламтордан

Адам өміріне қауіпті бұл заттардың қарапайым тұрмыстық қалдықтар полигонына қалай және қайдан келгені, бұл заңсыздыққа нақты қай медициналық мекеменің жол бергені құзырлы органдардың тергеуінен кейін белгілі болады.

Қазіргі таңда анықталған деректер мынадай:

Қауіпті заттардың кейінгі тағдыры:

Оқиға орнындағы хаттамалық шаралардан кейін барлық 144 келі қауіпті медициналық қалдықтар толықтай жиналып, қауіпсіз жерге көшірілді. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, бұл заттардың барлығы жақын арада бекітілген қатаң санитариялық талаптар мен ережелерге сәйкес толықтай жойылуы (утилизация жасалуы) үшін арнайы лицензиясы бар тиісті мамандандырылған ұйымға ресми түрде жіберіледі. Тергеу амалдары жалғасуда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО-да ауыл маңынан медициналық қалдықтар табылды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-23
Утром24.06 ℃
Днем30.29 ℃
Вечером33.82 ℃
Ночью27.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.59 м/с
2026-07-24
Утром23.47 ℃
Днем35.02 ℃
Вечером33.83 ℃
Ночью28.26 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.65 м/с