Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады

Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау — отбасының өз қолында. 

ашық дереккөзден

Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің мұрагерлік ережелеріне қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол жаңа норма ресми түрде күшіне енетінін нақтылады.

«Кеше қабылданған заңның ішінде біз ұсынған маңызды түзету бар. Ол ресми түрде күшіне енеді. Бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді», деп жазады Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында.

Оның айтуынша, депутаттар бұл ережені өзгерткен. Яғни, енді отбасыларға таңдау беріледі.

«Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау — отбасының өз қолында. Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлыәрі икемді еттік», — деді депутат.

Бұған дейін БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға арналған жаңа жеткілікті шектерді жазған болатынбыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-23
Утром24.06 ℃
Днем30.29 ℃
Вечером33.82 ℃
Ночью27.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.59 м/с
2026-07-24
Утром23.47 ℃
Днем35.02 ℃
Вечером33.83 ℃
Ночью28.26 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.65 м/с