Қазақстанда ойыншық ұсынатын автоматтарға қатысты заң әзірленбек

Қазір бұл автоматтардың қызметі ешбір мемлекеттік органның құзыретіне жатпайды. Сондықтан олардың қызметін бақылайтын уәкілетті орган айқындалады.

ашық дереккөзден

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов “Хватайка” ойыншық автоматына қатысты жағдайға пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистер министрден елде неліктен ойыншық автоматтарына әлі күнге дейін тыйым салынбағанын сұрады.  Ал министр қазіргі заңнамада олардың қызметі нақты реттелмегенін айтты.

“Қолданыстағы заңнамада мұндай автоматтарды реттейтін нақты нормалар жоқ. Жақын уақытта заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеу жоспарланып отыр. Қазір бұл автоматтардың қызметі ешбір мемлекеттік органның құзыретіне жатпайды. Сондықтан олардың қызметін бақылайтын уәкілетті орган айқындалады”, – деді министр.

Фото: overclockers

“Кран немесе «ұстап ал», «хватай-ка» деп аталатын автоматтың көбейгені алаңдатады. Олар білім, спорт, дамыту орталықтарының, әлеуметтік нысандардың маңына және де ата-анасыз балалар өзі кіре алатын сауда ғимараттарының ішіне көптеп орналастырылған. Балалар мен жасөспірімдер мектеп асханасына, жол ақысына немесе күнделікті қажеттіне арналған ақшасын осы автоматтарға жиі жұмсайтыны туралы ата-аналар мен ұстаздар тарапынан көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл отбасында жанжалға, материалдық шығынға, балалардың бір-бірін бопсалауға әкелуде. Балаларда дофаминнің жылдам бөлінуі, ойнай берсем деген ниеті, жеңісті күту иллюзиясын тоқтата алмай, ол тәуелділікке әкелетін мінез қалыптастырады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-23
Утром24.06 ℃
Днем30.29 ℃
Вечером33.82 ℃
Ночью27.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.59 м/с
2026-07-24
Утром23.47 ℃
Днем35.02 ℃
Вечером33.83 ℃
Ночью28.26 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.65 м/с