Бензин қаншалықты қымбаттайды, министр не дейді

Біз нарықты реттемейміз. Егер нарыққа қатысушылар бағаны 3–4 теңгеге көтеруді орынды деп санаса, онда баға соған сай өзгереді.

Ulysmedia.kz коллажы

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда жазда бензин қаншалықты қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Министрдің айтуынша, мемлекеттік реттеу алынып тасталғаннан кейін жанармайдың бағасы енді нарыққа, яғни ел ішіндегі сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.

«Менің білуімше, бензин 3-4 теңгеге өскен», – деді Ақкенженов Мәжіліс кулуарында.

Жаздың соңына дейін баға өсімі жалғаса ма, деген сұраққа министр тағы да мемлекет бұдан былай жанармай бағасын тікелей реттемейтінін жеткізді.

«Біз нарықты реттемейміз. Егер нарыққа қатысушылар бағаны 3–4 теңгеге көтеруді орынды деп санаса, онда баға соған сай өзгереді», – деді ол.

Ulysmedia.kz коллажы

Сонымен қатар, министр жанармай бағасы бірден 100 теңгеге күрт қымбаттайды деген болжамды қолдамайтынын айтты

«Мен бұлай ойламаймын. Нарықтық баға бар. Қазір мұнай бағасы шектен тыс өсіп жатқан жоқ,  барреліне шамамен 93,5 доллар деңгейінде қалып отыр. Қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырамын. Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, оның ушығып кетпеуі үшін барлық қажетті шараларды қапбылдайды», — деді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-23
Утром24.06 ℃
Днем30.29 ℃
Вечером33.82 ℃
Ночью27.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.59 м/с
2026-07-24
Утром23.47 ℃
Днем35.02 ℃
Вечером33.83 ℃
Ночью28.26 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.65 м/с