Қазақстанда ҰҚК шешімімен интернетті өшіруге рұқсат берілді

Конституциялық сот мемлекетке ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында байланыс пен интернетке қолжетімділікті уақытша шектеуге құқық берілгенін атап өтті.

Фото: exclusive.kz

Қазақстан Конституциялық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шешімімен интернет пен байланыс қызметін уақытша өшіруге мүмкіндік беретін заң нормасын Конституцияға сай деп таныды, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 

Толығырақ

Істі қарауға 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін бір азаматтың шағымы негіз болған. Ол сол кезде Алматыда интернет пен мобильді байланыстың өшірілуіне байланысты «Байланыс туралы» заңның кейбір ережелерін даулаған.

Өтініш беруші бастапқыда мемлекеттік органдардың әрекеттерін заңсыз деп тануды талап еткен, кейін Конституциялық сотқа жүгініп, заңдағы тиісті норманың Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұраған.

Сот қорытындысы бойынша, даулы норма Негізгі заңға қайшы келмейді деген шешім қабылданды.

Конституциялық сот мемлекетке ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында байланыс пен интернетке қолжетімділікті уақытша шектеуге құқық берілгенін атап өтті.

“Алайда мұндай шектеулер тек ерекше жағдайларда, нақты қауіп төнген кезде ғана қолданылуы тиіс және олар қауіп деңгейіне сай болуы қажет екені көрсетілді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ақпарат алу және тарату құқығы шексіз емес, ол заң аясында белгілі бір жағдайларда шектелуі мүмкін екені айтылды.

Сот Үкіметке заңнаманы жетілдіруді ұсынды. Байланыс өшірудің нақты негіздерін анықтау, шектеу мерзімдерін нақтылау және бақылау тетіктерін күшейту қажет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-23
Утром24.06 ℃
Днем30.29 ℃
Вечером33.82 ℃
Ночью27.34 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.59 м/с
2026-07-24
Утром23.47 ℃
Днем35.02 ℃
Вечером33.83 ℃
Ночью28.26 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.65 м/с