Оралда бес жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Көптеген жазатайым оқиғалар ересектер үйінде жоқ кезде немесе олардың бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан оры алады. Терезеден құлау — балалардың жарақаттануының негізгі себептерінің бірі.

Оқиға 10 маусымда Орал қаласында болған. 5 жасар бала көпқабатты үйдің 5 қабатының терезесінен құлап кеткен.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде ақпарат расталды және баланың қазіргі уақытта медициналық мекемеде екенін айтты.
Баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіледі. Нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады,-деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Осыған байланысты полиция Департаменті кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарына келесі кеңестерді ұсынады.
«Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады. Кішкентай балаларыңызды жалғыз қалдырмаңыз; балаңыз терезе алдына өз бетімен көтеріле алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынан алып тастаңыз; балаңыз терезені өз бетімен аша алмайтындай, арнайы бекіткіштерді терезелерге орнатыңыз. Есіңізде болсын! Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті», –дейді полицейлер.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жаз мезгіліндегі бала қауіпсіздігі: Нені білген жөн?
