Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты
Полицияның алдын-ала нұсқасына сәйкес, апат жүк көлігі жүргізушісінің назарынан тыс қалғандықтан болған.

16 маусымда «Екінші база» аялдамасында жолаушылар автобусы мен ауыр жүк көлігі соқтығысты.
Куәгерлердің айтуынша, 74-маршруттың [Орал — Байқоңыс] автобусы Абай даңғылымен жүріп келе жатырған. Осы кезде фура оған қарай қарсы шыққан. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі бұрылғанда, автобусты жібермеген салдарынан екеуі соқтығысқан.

Полицияның алдын-ала нұсқасына сәйкес, апат жүк көлігінің жүргізушісінің назарынан тыс қалғандықтан болған. Жүк көлігі бұрылғанда жолаушылар автобусын жібермеді, ол сол кезде тек аялдамадан шығып, шығыс бағытқа қозғалған.
Соқтығысқаннан кейін оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келді. БҚО денсаулық сақтау басқармасы апат туралы кейінірек мәлімет беруге уәде етті.
