Жеке табыс салығына қатысты өзгеріс: қазақстандықтарға нені білу керек

Қызметкердің табысы базалық шегерімнен төмен болса, пайдаланылмаған бөлігі келесі айға ауыстырылмайды. Әр күнтізбелік ай бойынша салық жеке есептеледі.

 Фото: dknews.kz

Қазақстанда жаңа Салық кодексінде көзделген жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша жаңа салықтық шегерімдерді қолдану тәртібі түсіндірілді. Аталған мәселе Үкімет жанындағы Жобалық кеңсе отырысында қаралды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ӨЗГЕРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ

Үкімет мәліметінше, жаңа Салық кодексі азаматтардың салықтық жүктемесін азайтуға бағытталған жаңартылған салықтық шегерімдер жүйесін енгізеді. Соның аясында ай сайын 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде базалық салықтық шегерім белгіленді. Биыл ол 129 750 теңге. Ал жылдық ең жоғары мөлшері 360 АЕК, яғни 1 557 000 теңге.

Бұл өзгеріс жеке табыс салығы есептелетін табыс көлемін азайтып, төленетін салық мөлшерін төмендетуге мүмкіндік береді.

АЙЛЫҚ ТАБЫС АЗ БОЛСА ШЕ

Бұдан бөлек, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар бойынша қолданыстағы салықтық шегерімдер сақталады.

Жиында қызметкердің айлық табысы базалық салықтық шегерім мөлшерінен төмен болғанда қандай тәртіп қолданылатыны да талқыланды. Бұған дейін қолданыста болған Салық кодексі пайдаланылмаған салықтық шегерім сомасын күнтізбелік жыл шегінде кейінгі айларға көшіруге мүмкіндік беретін. Дегенмен жаңа редакцияда бұл норма алып тасталған.

Яғни қызметкердің табысы базалық шегерімнен төмен болса, пайдаланылмаған бөлігі келесі айға ауыстырылмайды. Әр күнтізбелік ай бойынша салық жеке есептеледі.

ТҮЙІН

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері бұрынғы тәртіпті сақтап қалуды ұсынды. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті базалық салықтық шегерім ең алдымен табысы төмен азаматтарды қолдауға арналған ай сайынғы жеңілдік екенін жеткізді. Сондықтан ол әр айға жеке қолданылып, кейінгі салық кезеңдеріне көшірілмейді.

Түйіні сол, Мемлекеттік кірістер комитеті пайдаланылмаған базалық салықтық шегерімнің келесі айларға ауыстырылмайтынын түсіндіретін құжат әзірлейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-14
Утром10.91 ℃
Днем22.12 ℃
Вечером19.39 ℃
Ночью14.99 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.29 м/с
2026-08-15
Утром11.28 ℃
Днем18.43 ℃
Вечером19.31 ℃
Ночью15.84 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.25 м/с