БҚО-да тұрғыннан 3,3 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

Жәбірленуші қарыз беруден бас тартқаннан кейін күдікті оған қоқан-лоққы көрсетіп, бірнеше ай бойы заңсыз түрде ақша талап еткен. Соның салдарынан жәбірленуші оған жалпы 3,3 млн теңге берген.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы бағыттағы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласында бірнеше бопсалау дерегінің жолы кесілді.

9 шілдеде полиция қызметкерлері бұрын сотталған 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Тергеу барысында оның қаңтар-шілде айлары аралығында жәбірленушіні қорқытып, одан жалпы сомасы 3,3 млн теңге бопсалағаны анықталды.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті жәбірленушімен 2025 жылдың соңында ортақ таныстары арқылы танысқан. Кейін аралас-құралас болған кезде бірнеше рет қарызға ақша алып жүрген. Алайда биыл қаңтар айында жәбірленуші қарыз беруден бас тартқаннан кейін күдікті оған қоқан-лоққы көрсетіп, бірнеше ай бойы заңсыз түрде ақша талап еткен. Соның салдарынан жәбірленуші оған жалпы 3,3 млн теңге берген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың маусым айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында тағы бір бопсалау фактісі әшкереленді. Үш жас азамат күш қолданып, Орал қаласының 18 жастағы тұрғынына тиесілі iPhone 14 ұялы телефонын иемденгені анықталды.

Аталған іс бойынша күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлығы өз кінәларын мойындады. Тергеу барысында ұрланған телефонның қаладағы дүкендердің біріне сатылғаны анықталып, полиция қызметкерлері оны тәркілеп, қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде тіркеді.

Екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-14
Утром10.91 ℃
Днем22.12 ℃
Вечером19.39 ℃
Ночью14.99 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.29 м/с
2026-08-15
Утром11.28 ℃
Днем18.43 ℃
Вечером19.31 ℃
Ночью15.84 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.25 м/с