Қазақстанда жыл басынан бері 169 бала терезеден құлап кеткен

 Оның 14-і қайғылы жағдаймен аяқталған.

Ішкі істер министрлігі жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау қаупі артатынын ескертіп, ата-аналарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ведомствоның мәліметінше, әсіресе 2 мен 5 жас аралығындағы балалар мұндай оқиғаларға жиі ұшырайды. Биыл жыл басынан бері елімізде балалардың терезеден құлауының 169 дерегі тіркелген. Оның 14-і қайғылы жағдаймен аяқталған.

Ішкі істер министрлігі мұндай оқиғалардың негізгі себептері ретінде балалардың қараусыз қалуын және олардың ашық терезелерге еркін қол жеткізуін атады.

ІІМ ЕСКЕРТУІ

Осыған байланысты министрлік ата-аналарға бірқатар қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді. Атап айтқанда, балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау, москит торына сүйенбеу, терезелерге арнайы блокаторлар орнату, жиһазды терезеден алыс орналастыру және мүмкіндігінше қорғаныс торларын пайдаланған жөн.

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға баланың қауіпсіздігі ең алдымен олардың жауапкершілігінде екенін еске салып, сақтық шараларын назардан тыс қалдырмауға үндеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-14
Утром10.91 ℃
Днем22.12 ℃
Вечером19.39 ℃
Ночью14.99 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.29 м/с
2026-08-15
Утром11.28 ℃
Днем18.43 ℃
Вечером19.31 ℃
Ночью15.84 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.25 м/с