Әділетханнан кейінгі вакуум: Абзал Құспанның ең үлкен саяси жобасы енді басталуы мүмкін…

Қазақ тіліндегі заңгерлік кеңес, талдау көбіне құрғақ аударма деңгейінен аса алмай жүр немесе тым үстірт сипатқа ие.

Сурет: Ertenmedia.kz

Экс-депутат Абзал Құспанның бизнеске бет бұруы әсілінде заңгерлік нарықты қазақтандыруға жол ашатын таптырмас мүмкіндік деп пайымдайды Ertenmedia.kz.

Біздегі заң шығару жүйесі мен сот өндірісі әліге дейін орыстілді құқықтық парадигмаға бағынып келеді. Қазақ тіліндегі заңгерлік кеңес, талдау көбіне құрғақ аударма деңгейінен аса алмай жүр немесе тым үстірт сипатқа ие.

Салдарынан сіз бен біз секілді қарапайым қазақтарға өз құқығын қорғау тетіктерін түсінуі өте-мөте қиын. Қазақ тілі тым құрығанда тұрмыстық заңгерлік (алимент, несие, мұрагерлік) деңгейіне жете алмауда.

Қазақтілді сегментке заң тілін қарапайым тілмен тарқатып, өзі де байқамай осы бір вакуумды толтыруға тырысқан заңгер Әділетхан Молдахан сотталып, ақпараттық алаңнан аластатылды.

Әділетханның аудиториясы заңгерлік сауатқа сусап отырған, мемтілдегі өткір құқықтық контентті іздеген қалың бұқара еді. Оның шеттетілуімен босап қалған осы бір алып трибунаны белгілі бір деңгейде беделі бар, сөзі өтімді тұлға ғана иелене алады.

Ол ма, ол Абзал Құспан болуы әбден мүмкін.

Артық әсірелемей айтсақ, желідегі Әділетханның оқырманы іздеген өткірлік пен ақиқатты Абзал Құспан өзінің саяси салмағымен, заңдық біліктілігімен толықтырып, нағыз «халықтық адвокатқа» айналатын мүмкіндігі бар.

Оның деңгейіндегі кәсіби маманның заңгерлік медиа-бизнеске оралуы нарықты аударма деңгейіндегі құрғақ кеңестерден құтқарар ма еді. Анығында, уақыттың өзі соны талап етіп отыр.

Бұдан былай, қазақтілді ортада заң баптарын орыс тілінен қазақшаға көшіріп үйренген ережені қабылдамайтын протест күшейе береді.

Сот жүйесін де, прокуратура қызметін де, заң шығару процесін де іштен білетін Құспан осы іске шындап кіріссе, мемаппараттың өзін қазақ тілінде сапалы, заңды жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қоғамдық-құқықтық институт та құра алады.

Иә, экс-мәжілісменнің ішіне кіріп шыққан жоқпыз. Оның қандай ойда жүргені бір құдайға мәлім. Дегенмен бұл идеяны Абзал Құспанның құлағына алтын сырға ретінде жеткізуді жөн көрдік.

ТАҚЫРЫПҚА САЙ ОҚЫҢЫЗ: Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?

 Бұрынғы мәжілісмен Абзал Құспан «Әділет» партиясына шақыртуды күтуде

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-14
Утром10.91 ℃
Днем22.12 ℃
Вечером19.39 ℃
Ночью14.99 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.29 м/с
2026-08-15
Утром11.28 ℃
Днем18.43 ℃
Вечером19.31 ℃
Ночью15.84 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра8.25 м/с