Қазақстан банктері халыққа несие беруден неге бас тарта бастады?

Банк секторындағы соңғы статистиканы парақтап отырып, біз өте қауіпті әрі шиеленісті тенденцияның куәсі болып отырмыз: елімізде халықтың тұтынушылық несие алуы тежеліп, есесіне банктердің бизнеске жүгінуі кенеттен жиілеген.

Фото: inbusiness.kz

Бұл сырт көзге қаржы жүйесінің реалиттті секторға бет бұрғаны сияқты көрінгенімен, астын қазсаң, банктердің өзін-өзі ақтау және тәуекелді өздерінен серпу саясатының анық белгісі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жылдың алғашқы жартысында жаңа несиелер көлемі 20,4 трлн теңгеге жетіп, 8,6%-ға өскенімен, бұл цифрлар жалпы халықтың тұрмыстық әл-ауқатының жақсарғанын білдірмейді. Керісінше, өсім тек корпоративтік сектордың, оның ішінде де орта бизнестің есебінен орын алып отыр. Алайда, осы жерде банктердің қулығы жатыр: біріншіден, бизнеске берілген жаңа заемдардың ауқымды бөлігі – үштен екісіне жуығы – 1 жылға дейінгі мерзімге рәсімделген. Бұл дегеніміз банктер ел экономикасының ұзақ мерзімді, инвестициялық жобаларына сенім артпайды, олар тек тез қайтатын, қысқа ақшамен «от өшіріп», өз пайыздық пайдасын жедел айырып алуды ғана көздейді.

Екінші жағынан, жеке тұлғаларға несие берудің 3,6%-ға және тұтынушылық заемдардың 6,5%-ға азаюы халықтың қаржылық сауаттылығы артып, несиеден өздігінен бас тартқанын білдірмейді. Бұл – еліміздегі реалитті табыстың өспеуі, банктердің тым жоғары пайыздық мөлшерлемелері және қаржы ұйымдарының шектеулерді шектен тыс қатаңдатуының салдары. Нарықтан 32 мың бірегей қарыз алушының жоғалуы банктердің жаңа клиент іздеуден қорқып, бұрыннан келе жатқан, амалсыз қарызға батқан клиенттерді ғана әрі-бері «сауу» моделіне көшкенін айғақтайды.

Бұл ретте банктердің өздері де тұйыққа тіреліп отыр. Таза пайыздық маржаның 6,78%-дан 6,44%-ға төмендеп, 90 күннен асқан проблемалық несиелердің (NPL) 4,1%-ға дейін өсуі – банк саясатының тиімсіздігін көрсетеді. Базалық мөлшерлеменің жоғары болуын сылтауратқан банктер халыққа қолжетімді несие бергісі келмейді, ал бизнеске берген қысқа ақшалары қайтарымсыз тәуекелді көбейтіп жатыр.

Бұл жағдайдың қарапайым халыққа тигізер зардабы өте ауыр. Банктерден несие ала алмаған азаматтар амалсыздан микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) жүгінуге мәжбүр болады. Ал ол жақтағы үстемеақы банктерден бірнеше есе жоғары екені баршаға аян. Нәтижесінде, халықтың қарыздық жүктемесі ресми статистикада азайғанмен, көлеңкелі нарықта еселеп өсіп жатыр. Табысы инфляцияға ілесе алмай отырған қарапайым жұмысшы үшін бұл нағыз қаржылық қақпан.

Сонымен қатар, банктердің бизнеске беріп жатқан қысқа мерзімді несиелері де экономиканы құтқармайды. Кәсіпкерлер бұл қаражатты өндірісті кеңейтуге емес, ағымдағы қарыздарын жабуға немесе жалақы төлеуге жұмсап жатқаны жасырын емес. Инновация мен өндіріске құйылмаған ақша елде жаңа жұмыс орындарын аша алмайды. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықтың артуына және тұтынушылық сұраныстың одан әрі құлдырауына әкеледі. Ұлттық Банк инфляцияны ауыздықтаймыз деп базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап отыр. Бірақ бұл қадам экономиканы «қансыратып», оның табиғи өсімін тұншықтырып тастады.

Қаржы институттарына мұндай жоғары мөлшерлемемен жұмыс істегеннен гөрі, Ұлттық Банктің ноталарына ақша салып, ешқандай тәуекелсіз таза пайда тапқан әлдеқайда тиімді. Яғни, банктер экономиканың қан тамыры болудан қалып, өз алдына оқшауланған алыпсатарлық құрылымға айналды. Бұған қоса, проблемалық несиелердің өсуі банктердің несиелік портфелінің сапасы нашарлағанын көрсетеді. Егер ертең экономикалық дағдарыс тереңдей түссе, қысқа мерзімді қарыз алған бизнестің басым бөлігі дефолтқа ұшырауы әбден мүмкін.

Ондай жағдайда мемлекет тағы да Ұлттық қорға қол сұғып, банктерді құтқаруға мәжбүр болады. Бұл – соңғы онжылдықта бірнеше рет қайталанған, әбден жауыр болған сценарий. Сондықтан, үкімет пен қаржы реттеушілері банк секторының жұмысына түбегейлі реформа жасауы тиіс. Банктер тек пайда табуды ғана емес, ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосуды да басты назарда ұстауы қажет. Әйтпесе, халықты несиеден қағып, бизнесті қысқа мерзімді қарызға байлаған бұл жүйенің соңы үлкен әлеуметтік-экономикалық жарылысқа әкеп соқтыруы ғажап емес. Қорытындылай келе, қазіргі банк жүйесі экономиканы дамытушы мотор емес, тек өз пайдасын қорғап, халық пен шағын бизнесті несие қамытында ұстауға бағытталған жабық механизмге айналып барады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-15
Утром15.6 ℃
Днем18.79 ℃
Вечером16.5 ℃
Ночью14.3 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.57 м/с
2026-10-16
Утром11 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером15.85 ℃
Ночью13.65 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.03 м/с