Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 102 адам суға кетті

Ведомство дерегінше, өткен жылдың осы кезеңінде су айдындарында 88 адам көз жұмған. Олардың арасында 28 бала болған.

unsplash.com

Қазақстанда 1 маусымнан бері 102 адам суға батып қаза тапты. Қайтыс болғандардың 34-і – кәмелетке толмаған балалар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство дерегінше, өткен жылдың осы кезеңінде су айдындарында 88 адам көз жұмған. Олардың арасында 28 бала болған.

Министрлік суға бату оқиғаларының басым бөлігі арнайы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда тіркелетінін мәлімдеді. Мұндай аймақтардағы өлім жағдайлары жалпы көрсеткіштің 85 пайызын құрайды.

Қауіпті су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және еріктілер бірлесіп, 39 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізген.

Тексеру барысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 1 995 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 26 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күзетілмейтін су айдындарына ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің 233 мобильді құтқару тобы қосымша орналастырылды.

Сонымен қатар еліміз бойынша 52 құтқару станциясы жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды тек шомылуға рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда суға түсуге тыйым салынған жерлерде 68 адам қаза тапты

Қайғылы статистика: Қазақстанда жыл басынан бері 69 бала суға кеткен

Оралда 18 жастағы бойжеткен жасөспірімді құтқарамын деп суға кетті

Батыс Қазақстанда 6 жасар бала суға батып кетті

БҚО-да үш жасөспірім суға батып кетті

БҚО-да суға шомылуға рұқсат етілген жерлер белгілі болды

Оралда жасөспірім Шаған өзеніне батып кетті

Оралда 9-сынып оқушысы суға батып кетті

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-09
Утром10.84 ℃
Днем9.97 ℃
Вечером10.62 ℃
Ночью11.75 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.87 м/с
2026-09-10
Утром11.78 ℃
Днем13.84 ℃
Вечером15.46 ℃
Ночью11.56 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.27 м/с