Онкологиялық скрининг: 1831 адамнан қатерлі ісік анықталды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 362 568 адам тексеруден өтті.

Фото: ДСМ

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 362 568 адам тексеруден өтті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Онкологиялық ауру ерте кезеңде ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан денсаулық жағдайының нашарлауын күтпей, скринингтен уақытылы өту маңызды. 2026 жылдың алғашқы алты айында мұндай тексеруден 2,3 млн-нан астам қазақстандық өтті.

Қазақстанда нысаналы топтардың арасында сүт безі обырын, жатыр мойны обырын және колоректалдық обырды ерте анықтауға бағытталған онкологиялық скринингтің үш түрі тегін жүргізіледі.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 362 568 адам тексеруден өтті.

Скрининг нәтижелері бойынша:

* сүт безі обырының 1 238 жағдайы;
* колоректалдық обырдың 372 жағдайы;
* жатыр мойны обырының 227 жағдайы расталды.

— Егер скрининг барысында адамнан күмәнді өзгерістер анықталса, бұл оның обырға шалдыққанын білдірмейді. Пациент қосымша диагностикалық тексеруге жіберіледі. Тек толық тексеруден кейін ғана дәрігерлер аурудың бар-жоғын растайды немесе жоққа шығарады.

Фото: ДСМ

Тұрақты тексерулер қауіпті өзгерістерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. 2021–2025 жылдары Қазақстанда III–IV сатыда анықталған онкологиялық аурулардың үлесі 34,9%-дан 32%-ға дейін төмендеді.

Соңғы бес жылдың ішінде елімізде 14 млн-нан астам адам онкологиялық скринингтен өтті, ал халықты жыл сайын қамту көрсеткіші 13,5%-ға артты, — делінген хабарламада.

Профилактикалық тексерулерді кейінге қалдырмай, белгіленген мерзімде скринингтен өту қажет. Адам өзін жақсы сезінгеннің өзінде, ерте диагностика ауруды дер кезінде анықтап, қажетті емді неғұрлым тез бастауға мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БҚО тұрғындары өкпенің қатерлі ісігіне тегін тексеріле алады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-09
Утром10.84 ℃
Днем9.97 ℃
Вечером10.62 ℃
Ночью11.75 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.87 м/с
2026-09-10
Утром11.78 ℃
Днем13.84 ℃
Вечером15.46 ℃
Ночью11.56 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.27 м/с