Айлығы 300 мың теңге қазақстандық енді қанша несие ала алады?

Басқа қарызы жоқ адамның барлық несиесі бойынша ай сайынғы төлемінің шекті деңгейі шамамен 150 мың теңге болады.

Ақша, теңге. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда тұтынушылық несие беру талаптары біртіндеп қатаңдап келеді. Енді банктер клиенттің тек жалақысына емес, бұрыннан бар несиелеріне, ай сайынғы төлемдеріне және кредиттік тарихына мұқият қарайды. Соның ішінде негізгі көрсеткіштердің бірі – борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК), деп хабарлайды malim.kz.

Ал ай сайын ресми түрде 300 мың теңге табыс табатын қазақстандық қанша несие ала алады? Қолданыстағы талаптар негізінде есептеп көрдік.

300 мың теңге жалақы алсаңыз, несиеге ең көбі қанша төлей аласыз?
Қолданыстағы ереже бойынша борыш жүктемесінің коэффициентінің ең жоғары деңгейі – 0,5 немесе 50%. Яғни адамның барлық несиесі бойынша ай сайынғы төлемдері оның есепке алынған орташа айлық кірісінің жартысынан аспауға тиіс. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де кредит алар алдында БЖК-ны дәл осы қағида бойынша есептеуге кеңес береді.

Демек, айлығы 300 000 теңге болса:

300 000 × 50% = 150 000 теңге.

Яғни басқа қарызы жоқ адамның барлық несиесі бойынша ай сайынғы төлемінің шекті деңгейі шамамен 150 мың теңге болады.

Бірақ бұл «банк міндетті түрде айына 150 мың теңге төлемі бар несие береді» дегенді білдірмейді. Банк өзінің скоринг жүйесі арқылы клиенттің кредиттік тарихын, тұрақты табысын және басқа да тәуекелдерді қосымша бағалайды.

Сонда 300 мың теңге айлықпен қанша несие алуға болады?
Нақты сома несие мерзімі мен пайыздық мөлшерлемеге байланысты. Бұған қоса, 2026 жылы 5 жылдан астам мерзімге кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізілген.

Мысал үшін, адамның басқа несиесі жоқ, банк оның 300 мың теңге табысын толық есепке алды және ай сайынғы ең жоғары төлем 150 мың теңге болды делік.

Аннуитеттік төлем тәсілімен 5 жылға есептегенде шамамен мынадай нәтиже шығады:

Жылдық мөлшерлеме Ай сайынғы төлем 5 жылға алынуы мүмкін сома
20% 150 000 ₸ ≈ 5,66 млн ₸
30% 150 000 ₸ ≈ 4,64 млн ₸
40% 150 000 ₸ ≈ 3,87 млн ₸
Бұл мөлшерлемелер нақты банктің ұсынысы емес, несие сомасының пайызға қарай қалай өзгеретінін көрсету үшін алынған есептік мысал. Нақты банктік өнімде ЖТСМ, комиссиялар және өзге төлемдер ескеріледі.

Сондықтан «300 мың теңге жалақы алатын адам 7-8 млн теңге несие ала алады» деп біржақты айту дұрыс емес. Қымбат тұтынушылық несиеде, әсіресе пайыз жоғары болған кезде, БЖК шегіне байланысты қолжетімді сома айтарлықтай төмен болуы мүмкін.

Бұрыннан несие болса ше?
Ең маңызды тұсы осы. 50 пайыздық лимит жаңа несиеге ғана емес, адамның барлық қарызы бойынша төлемдеріне қатысты. БЖК есептегенде өтелмеген қарыздар бойынша ай сайынғы төлемдер мен жаңа қарыздың төлемі бірге қаралады.

Мәселен, 300 мың теңге табатын адамның қазіргі несиесіне ай сайын 50 мың теңге төлеп жүргенін алайық.

Шекті жүктеме – 150 мың теңге.

150 000 – 50 000 = 100 000 теңге.

Демек, жаңа несиенің ай сайынғы төлеміне шамамен 100 мың теңге ғана орын қалады.

Егер шартты түрде 30% жылдық мөлшерлемемен 5 жылға есептесек, бұл шамамен 3,09 млн теңге несиеге сәйкес келеді.

Ал қазіргі несиелерге ай сайын 100 мың теңге төлеп жүрген адамда жаңа несие үшін небәрі 50 мың теңгелік төлем лимиті қалады.

90 күннен астам кешіктіргендерге талап одан да қатаң
Қазақстанда бұған қатысты жеке шектеу бар. Соңғы 12 ай ішінде банк несиесі немесе микрокредит бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған қарыз алушылар үшін БЖК шегі 50%-дан 25%-ға дейін төмендетілген. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің түсіндіруінше, бұл азаматтардың қайтадан шамадан тыс қарызға бату тәуекелін азайту үшін енгізілген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-15
Утром15.6 ℃
Днем18.79 ℃
Вечером16.5 ℃
Ночью14.3 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.57 м/с
2026-10-16
Утром11 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером15.85 ℃
Ночью13.65 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.03 м/с