Оралда супермаркетте ұсақ бұзақылық жасаған ер адам 5 тәулікке қамалды
Ауызша жанжал барысында ол кассирдің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан.

Орал қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Істі қарау барысында азамат К.-ның Орал қаласындағы «Астана» шағынауданында орналасқан «Алтындар» супермаркетінің кассасында кассирмен жанжалға түскені анықталды.
Ауызша жанжал барысында ол кассирдің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан.
Сөзбен қорлаумен шектелмей, азамат К. энергетикалық сусын құйылған банканы ашып, ішіндегі сұйықтықты кассирдің бетіне шашқан.
Осы әрекеттерімен азамат К. қоғамда қалыптасқан әдеп нормаларын өрескел елемейтінін көрсетіп, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісіп, өз кінәсін толық мойындады.
Құқық бұзушылықтың мән-жайлары құқық бұзушының соттағы түсініктемесінен бөлек, жәбірленушінің айғақтарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мәліметтермен және іс бойынша өзге де материалдармен расталды.
Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды.
Істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
