Қазақстандықтарды ең көп алаңдататын қымбатшылық: ет пен коммуналдық қызмет көш бастап тұр

Респонденттердің 59,9%-ы ет пен құс етінің бағасы айтарлықтай өскенін атап өткен.

Қазақстан тұрғындары арасында бағаның өсуіне қатысты алаңдаушылықтың негізгі себептері өзгеріссіз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Ұлттық банктің шілде айында жүргізген инфляциялық күтулер зерттеуіне сәйкес, ет пен құс еті, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бағасының қымбаттауы қазақстандықтарды ең көп алаңдатады.

Респонденттердің 59,9%-ы ет пен құс етінің бағасы айтарлықтай өскенін атап өткен. Екінші орында тұрғын үй және коммуналдық қызметтер тұр — бұл шығындардың қымбаттағанын сауалнамаға қатысқандардың 56%-ы айтқан.

Одан кейін дәрі-дәрмек бағасы (51,6%) және ірімшік пен шұжық өнімдері (49,2%) келеді.

Маусым айымен салыстырғанда көрсеткіштер айтарлықтай өзгермеген. Ол кезде ет пен құс етінің қымбаттауын респонденттердің 61,1%-ы, ал коммуналдық қызметтердің өсуін 56,3%-ы негізгі мәселе ретінде атаған.

Ал жеміс-жидек пен көкөніс бағасына алаңдайтындардың үлесі төмендеген. Маусымда бұл көрсеткіш 54,4% болса, шілдеде 47,3%-ға дейін азайған.

Осылайша, шілде айында қазақстандықтардың инфляциялық күтулерінде азық-түлік бағасы мен коммуналдық шығындардың өсуі басты мәселе болып қала берді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-09
Утром10.84 ℃
Днем9.97 ℃
Вечером10.62 ℃
Ночью11.75 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.87 м/с
2026-09-10
Утром11.78 ℃
Днем13.84 ℃
Вечером15.46 ℃
Ночью11.56 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.27 м/с