Елімізде 980 мыңнан астам азамат тұрғын үйге мұқтаж

Олар үшін жалға берілетін тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық қарыздар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

«ОА» мұрағатынан

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев жалдамалы тұрғын үйді бөлу тетіктері туралы баяндады.

Деректерге сәйкес, жалпы ел бойынша 980 мыңнан астам азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұр. Олар үшін жалға берілетін тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық қарыздар түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Жалдамалы тұрғын үй табысы төмен немесе табысы жоқ азаматтарға кезек ретімен және отбасы мүшелерінің санына сәйкес беріледі. Жалдамалы тұрғын үй мынадай тәртіппен: тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ы жетім балалар арасында, 50%-ы бірінші кезектегі құқығы бар азаматтардың 7 санаты арасында бөлінеді. Қалған үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған өзге азаматтарға беріледі.

Жалға берілетін тұрғын үйді алу кезінде тұрғын үйді жалдау шарты жасалады. Осы шарт негізінде отбасы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін сақтаған кезеңде пәтерде мерзімсіз тұра алады. Тұрғын үйді пайдалану кезінде тұрғын үй заңнамасының талаптары мен жалдау шартының талаптары сақталған жағдайда, азаматтарды тұрғын үйден шығаруға негіз болмайды.

«Егер азаматтар жалдамалы тұрғынжайдан бөлек меншігіне үй алса, онда олар жалдамалы тұрғын үйді әкімшілікке қайтару керек. Жалға алушы азамат қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй отбасы мүшелеріне өтеді. Жекешелендіру кезінде азаматтар жалға берілген тұрғын үйді қалдық құны бойынша бірден немесе 15 жылға дейін бөліп төлеу арқылы сатып ала алады. Сондай-ақ тұрғын үй заңнамасында айқындалған кейбір азаматтар жалдамалы тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіре алады. Биылғы 6 айда 8649 тұрғын үй бөлінді. Оның 5361-і жекешелендірілген», – деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев. Сондай-ақ ол жекешелендірудің ерікті таңдау екенін атап өтті. Келесі мемлекеттік қолдау шарасы – жеңілдетілген ипотекалық қарыздар.

Жеңілдетілген ипотекалық қарыздар «Отбасы банк» арқылы 2% және 5% мөлшерлемемен беріледі. Азаматтардың 8 санатына, яғни ҰОС ардагерлері, жетім балалар, көп балалы аналар мен отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалары бар отбасылар, басқа мемлекеттер аумағында болған ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлері мен жесірлерге теңестірілген ардагерлерге 2% мөлшерлемемен беріледі.

Жеңілдетілген ипотеканың бастапқы жарнасын өтеу үшін азаматтарға қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты түрінде қолдау қарастырылған. Жартыжылдық қорытындысы бойынша 1976 сертификат табысталды. Сертификат алушылар санаттарының тізбесі және мөлшері мәслихаттар шешімімен айқындалады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с