Оралда құны 100 млн теңгеге жуық заңсыз темекі айналымының жолы кесілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген тергеу нәтижесінде 102 мыңнан астам қорапша заңсыз темекі тәркіленді.

istockphoto.com

Орал қаласының тұрғыны темекі өнімдерін заңсыз жеткізу және өткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Акциздік маркалары және міндетті цифрлық таңбалауы жоқ темекі өнімдері еліміздің басқа облыстарынан өңірге жеткізіліп, кейін әртүрлі мекенжайларда жасырылып, сатуға дайындалған.

Тауардың ірі партияларын сақтау үшін Орал қаласындағы және Бәйтерек ауданындағы тұрғын үйлер, оның ішінде туыстары мен таныстарына тиесілі үй-жайлар пайдаланылған.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы құны 99,4 млн теңге болатын 102 418 қорапша темекі өнімі тәркіленді.

Бюджетке 37 млн теңге мөлшерінде акциз төлемдері түспеген.

Осылайша, темекі өнімдерінің заңсыз айналымы заңда көзделген таңбалауы жоқ тауарды өткізу арқылы табыс табуға және сонымен қатар бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға мүмкіндік берген.

— Тергеу нәтижесінде Орал қаласы тұрғынының әрекеті ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. Сот Орал қаласының тұрғынын кінәлі деп таныды. Іс жүргізу жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты тоқтатылды. Тәркіленген темекі өнімдері жойылуға жатады, — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-09
Утром10.84 ℃
Днем9.97 ℃
Вечером10.62 ℃
Ночью11.75 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.87 м/с
2026-09-10
Утром11.78 ℃
Днем13.84 ℃
Вечером15.46 ℃
Ночью11.56 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.27 м/с