«13 мектепте жұмыс қарқыны баяу»: Бектенов 100-ден астам мектептегі жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды

Бірқатар өңірлерде 13 мектеп бойынша жұмыс  қарқыны баяу екенін атап өтемін. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар. 

«ОА» мұрағатынан

Премьер-министр Олжас Бектенов 100-ден астам мектептегі жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Бұл туралы ол 18 тамызда өткен үкімет отырысында мәлімдеді.

Олжас Бектенов 1 қыркүйекке дейін елдегі 106 мектепте күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға тиіс екенін баса айтты.

«Бірқатар өңірлерде 13 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екенін атап өтемін. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар. Аталған өңір әкімдеріне жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын тікелей бақылауға алуды тапсырамын», – деп атап өтті Премьер-министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, жаңа оқу жылына дейін физика, химия, биология, робототехника бойынша 500 пәндік кабинетті сатып алуды қамтамасыз ету қажеттігі туралы да айтылды.

«Жалпы, жыл соңына дейін еліміздің мектептерінде барлығы 1400-ден астам арнайы кабинет орнату керек. Бірқатар өңірлер тез арада қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс. Бірінші кезекте, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ұлытау және Ақмола облыстары аталған мәселеге назар аударыңыздар. Кабинеттерге қажетті жабдықтарды жылдам сатып алу үшін барлық рәсімдерді тездетуді тапсырамын», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр әкімдіктерге қаржыландыру мәселелерін шешуді және мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыруды жеделдетуді тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с