БҚО-да үй кезегіне тұрғандардың 645-інің жалғыз баспанасы апатты деп танылған

Қазіргі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 45 018 азамат тіркелсе, соның 645-і – жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар.

Суретте Гумар Караш, 16 мекен-жайындағы үйдің жағдайы көрсетілген. Мұнда күн сайын тозған үйдің қирандыларының астында қалу қаупі бар 13 адам тұрады.

Батыс Қазақстан облысында 2 533 көппәтерлі тұрғын үй болса, соның 1 540-ы немесе 60,8 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді.

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиевтің мәлім еткеніндей, 671 үйдің (26,4 пайыз) жағдайы қанағаттанарлық болса, 73-і (2,9 пайызы) апатты деп танылған. 249 көппәтерлі үй (9,9 пайызы) ескірген.

Қанат Амангелдіұлының сөзіне қарағанда, заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру және оны бөлу жөніндегі құзырет берілген.

— Қазіргі таңда облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 45 018 азамат тіркелсе, соның 645-і – жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар. Осындай санаттағы азаматтар үшін қала және аудан әкімдіктері Оралда – 140, Қаратөбе ауданында – 1, Сырымда – 72, Тасқалада 26 пәтер сатып алды. Осы тұрғынжайларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар арасында жыл соңына дейін бөлу жоспарлануда, — деді Қ.Өмірәлиев.

«ОА» мұрағатынан

Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыс бойынша 2011–2025 жылдар аралығында барлығы 499 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 162 жоба бойынша лифтілер ауыстырылды.

Күні бүгін Орал қаласында қайтарымды қаражат есебінен жалпы құны 125,2 млн теңге болатын лифтілерді ауыстыру бойынша 4, шатырларды жөндеуге қатысты 2 жоба жүзеге асырылуда.

— Тұрғындар тарапынан үйлер мен шатырларға күрделі жөндеу жүргізуге, сондай-ақ тозған лифтілерді ауыстыруға қызығушылықтың артуына байланысты жобалар саны да ұлғаюда. Осыған байланысты биыл ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне республикалық бюджеттен қаражат бөлу мақсатында жалпы құны 1 210,3 млн теңге болатын 54 жоба бойынша бюджеттік өтінім жолданды. Министрлік тарапынан қолдау көрсетілген жағдайда 2027 жылы лифтілерді ауыстыру бойынша 46 және шатырларды жөндеуге қатысты 8 жоба іске асырылатын болады, — деп қосты Қ.Өмірәлиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с