БҚО «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде ветеринариялық талап бұзушылық анықталды

Осыған байланысты аталған жүк шығу бағытына кері қайтарылды.

Батыс Қазақстан Ветеринариялық Инспекциясынан алынған фото

2026 жылғы 17 тамызда «Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Ресей Федерациясының Калининград облысы, Невское ауылынан Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына бағыт алған, құрамында 18,4 тонна сиыр етінен дайындалған аспаздық өнімдер – гамбургер котлеттері бар жүк көлігіне ветеринариялық бақылау жүргізілді.

Құжаттамалық тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттардағы мәліметтерге сәйкес, жүк өндірушісі ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің 2025 жылғы 23 ақпандағы №17-02-10/497 хатына сәйкес термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді өндіретіні анықталды.

Осыған байланысты аталған жүк шығу бағытына кері қайтарылды, ал жүргізушісіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 406-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Жүк тасымалдаушысына «Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптар түсіндірілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с