Ресейден Қазақстанға зақымданған ағаш материалдарын әкелмек болған

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жалпы көлемі 125 текше метр болатын қарағайдан жасалған қылқан жапырақты ағаш материалдарының үш партиясын елге кіргізуге жол бермеді.

Зиянкес. Көрнекі сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігі

2026 жылғы 17 тамыздағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға Ресейден әкелінген 125 текше метр болатын залалданған ағаш материалын елге кіргізуге жол берілмеді.

Ресей Федерациясынан залалданған орман өнімдерін әкелу фактілері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары жүргізген карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде анықталған.

«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жалпы көлемі 125 текше метр болатын қарағайдан жасалған қылқан жапырақты ағаш материалдарының үш партиясын елге кіргізуге жол бермеді. Карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында ағаштан қауіпті карантиндік нысан – Monochamus туысына жататын қарағайдың қара мұртты қоңызының дернәсілдері анықталды», – деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Екі заң бұзушылық Абай облысының Семей қаласында ағаш материалдарының әрқайсысы 40 текше метр болатын партияларын қайта тексеру кезінде анықталған. Тағы бір жағдай Астанада 45 текше метр ағаш партиясын тексеру барысында тіркелді.

«Барлық анықталған жағдай бойынша зертханалық сараптама жүргізіліп, қарағайдың қара мұртты қоңызының дернәсілдері бар екені расталды», – делінген ҚР АШМ хабарламасында.

Ағаш өнімдерінің иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігі («Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Материалдар қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан аумағына әкелу кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с