Синоптиктер қазан мен қарашада ауа райы әдеттегіден жылы болады деп болжады

Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде, сондай-ақ Атырау мен Маңғыстау облыстарында температура нормадан шамамен 1°C жоғары болады деп болжанып отыр.

Фото: magnific.com

Қазгидромет биылғы күзге арналған алдын ала ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, қазан мен қараша айларында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2°C жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Ал Батыс Қазақстан облысының көп бөлігінде, сондай-ақ Атырау мен Маңғыстау облыстарында температура нормадан шамамен 1°C жоғары болады деп болжанып отыр.

Жауын-шашынға келсек, қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Батыс Қазақстан мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде және Абай облысында жауын-шашын қалыпты мөлшерден көп жаууы мүмкін.

Қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2°C жоғары болады деген болжам бар. Ал Алматы облысының кей аумағында, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында, Түркістан мен Жамбыл облыстарының оңтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде температура қалыпты деңгейде болады.

Қазан айында жауын-шашын мөлшері елдің барлық аумағында шамамен нормаға сай болады деп болжанып отыр.

Қарашада да Қазақстанның басым бөлігінде күн райы әдеттегіден жылырақ болуы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, температура нормадан 1-2°C жоғары болады.

Ал Алматы облысы, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарының шығыс бөлігінде температура көпжылдық норма шамасында болады.

Қарашада жауын-шашын елдің басым бөлігінде қалыпты мөлшерде түседі. Ал Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының солтүстік бөліктерінде жауын-шашын нормадан көбірек болуы мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с