Арыс маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында әскери бөлімнің «техникалық аумағында» болған.

Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында оқ-дәрі бөлшегі жарылды. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 19:00 шамасында әскери бөлімнің «техникалық аумағында» болған.

Оқ-дәрінің жарылуына құрғақ шөптің тұтануынан шыққан өрт себеп болған. Жарылған оқ-дәрінің бұған дейін утилизациялау үшін дайындалғаны атал өтілді.

«Зардап шеккендер мен қирау жоқ. Жағдай бақылауда. Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде таралып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге және тек ресми ақпаратқа жүгінуге шақырды.

Еске салсақ, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт шығып, соның салдарынан оқ-дәрілер жарылған еді. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде тұрғындарды өздігінен эвакуациялау кезінде апатқа ұшыраған бала да бар. 40 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланып, 7 634 тұрғын үй бүлінді.

Кейіннен жарылысқа жауапты деп танылған 16 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Артынша апелляциялық алқа Шымкент гарнизоны Әскери сотының Арыстағы жарылыстарға қатысты шығарған үкіміне ішінара өзгертулер енгізіп, 7 сотталушының жазасын алып тастады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-15
Утром10.6 ℃
Днем6.46 ℃
Вечером2.9 ℃
Ночью3.12 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.9 м/с
2026-11-16
Утром2.14 ℃
Днем4.03 ℃
Вечером1.83 ℃
Ночью0.84 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.93 м/с