Орал қаласының бюджеті ұлғайды

Орал шаһарының бюджеті 8,1 млрд теңгеге толықты. Қомақты қаржы қандай салаларға жұмсалады?

«ОА» фотоқорынан

Орал бюджетіндегі қосымша миллиардтар 2,8 млрд. теңгесі — тасымалдауға, 2 млрд. теңгесі — тазалауға жіберілмек.
Қала бюджетіндегі ақшаны билік автобус тасымалы бойынша субсидияларға, қаланы санитарлық тазартуға және мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағыттайды. Қалалық мәслихат депутаттары бюджетті нақтылау туралы шешімді 19 тамызда қабылдады.
Орал Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Қадыров депутаттарға қала бюджеті өз кірісі есебінен 8,138 млрд. теңгеге ұлғайтылатын айтты. Барлық өзгерістерді ескере отырып, Орал бюджеті бүгінде 163 млрд. 789 млн теңгені құрайды.

Орал қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Қадыров қаражаттың қайда жұмсалатынына тоқталды.

— Орал қаласының бюджеті 8,1 миллиард теңге соммасында өзіндік кірістер негізінде ұлғайту жоспарланып отыр. Аталмыш қаражатты келесі бағыттарға шығыстау жоспарлануда. 2,8 миллиард теңге әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдауды субсидиялауға бағытталады. 2 миллиард теңге Орал қаласында санитарияны қамтамасыз етуге, сонымен қатар 309 миллион теңге абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына, 210 миллион теңге жарықтандыру жұмыстарына бағытталатын болады. Сонымен қатар төртінші деңгейдегі ауылдық кенттердің бюджеттеріне 1,1 миллиард теңге соммасында трансферттер қарастырылған. Олар негізінен санитарияны қамтамасыз етуге, жарықтандыру жұмыстарына бағытталатын болады. Бюджетті нақтылау барысында әлеуметтік салаға бір миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде 500 миллион теңге мүгедектігі бар тұлғаларды қажетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар 350 миллион теңге инватакси қызметтерін қамтамасыз етуге, 176 миллион теңге әлеуметтік саладағы жартылай стационарлардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталады, –деді Азамат Қадыров.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем5.29 ℃
Вечером4.33 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с