Ауылда жарнама ілу де ақылы: кәсіпкерлерге жаңа талап енгізілді

Ауылдағы дүкен, қызмет көрсету орны немесе басқа да кәсіпкерлік нысан сыртқы жарнама орналастырса, ол бойынша тиісті төлем де есепке алынады.

Көрнекі сурет: baq.kz

Ауылдағы кәсіпкерлер үшін тағы бір төлем түрі пайда болмақ. Енді олар мүлік пен көлік салығынан бөлек, сыртқы жарнама орналастырғаны үшін де ақы төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қаржы министрлігінің арнайы қаулысына сәйкес, ауыл әкімдіктеріне салық органдарының ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуге мүмкіндік берілді. Бұл ауылдық жерлерде салық пен басқа да міндетті төлемдерді жинау тетігін күшейтуге бағытталған.

Әкімдіктер салық жүйесіне кіре алады

Жаңа тәртіп бойынша ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері Мемлекеттік кірістер комитетінің интеграцияланған жүйесі мен Smart Data Finance платформасына қол жеткізе алады.

Оларға салықтар мен басқа да төлемдерді жинауды ұйымдастыру, азаматтар мен кәсіпкерлердің дербес шоттарын тексеру, салық бұйрықтары мен хабарламаларды тарату, сондай-ақ берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізу міндеті жүктелген.

Осылайша, ауыл әкімдігі бұрынғыдай тек жергілікті деңгейдегі басқару органының қызметімен шектелмей, салықтық әкімшілендіру процесіне де тікелей араласады.

Сыртқы жарнама да бақылауда

Өзгерістің ауыл кәсіпкерлеріне тікелей қатысты тұсы – сыртқы жарнама үшін төленетін ақы.

Аудан әкімдіктері сыртқы жарнаманы орналастыруға берілген рұқсаттар мен ол үшін төленуге тиіс сомалар туралы мәліметті ай сайын ақпараттық жүйеге енгізіп отырады. Ал салық органдары төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақытылы түсуін бақылауға алады.

Демек, ауылдағы дүкен, қызмет көрсету орны немесе басқа да кәсіпкерлік нысан сыртқы жарнама орналастырса, ол бойынша тиісті төлем де есепке алынады.

Жаңа жүйе салық пен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті ертерек анықтап, оны өндіріп алу жұмысын жергілікті деңгейде күшейтуге мүмкіндік береді. Яғни мемлекет ауылдағы салықтық әкімшілендіруді біршама қатаңдатып, төлемдердің толық әрі уақытылы жиналуын бақылаудың қосымша тетігін іске қосып отыр.

Әзірге жаңа тәртіп пилоттық режимде Алматы, Қостанай, Павлодар және Ұлытау облыстарының бірқатар ауылында іске қосылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.15 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с