БҚО-да ауылда ортақ септиктің бұзылғанына жарты жыл болған

Кәрізден лас су сыртқа ағып, тұрғындардың жертөлелері мен бақтарына құйылуда, жағымсыз иісі мұрын жарады.

Көрнекі фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылында ортақ септиктің жұмыс істемей тұрғаны жөнінде әлеуметтік желіде ақпарат жарияланды.

Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, септиктің істен шыққанына жарты жылдай уақыт болған. 

— Кәріз сулары сыртқа шығып, жертөлелер мен бау-бақшаларға құйылуда, сасық иістен демалу мүмкін емес. Адамдар лас сулардың жанымен жүруге мәжбүр. Бұл аумақтың санитарлық тазалығына да қауіп төндіруде. Біз әкімдікке бірнеше рет өтініш жасадық, жауап біреу – сорғы істен шыққан, ештеңе жасай алмаймыз. Біз қоғам мен жауапты адамдардың назарын осы мәселеге аударып, нақты шаралардың қабылдануын сұраймыз, — дейді тұрғындар.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, сорғының істен шығуының басты себебі кәріз жүйесіне жаялық, майлық, қолданылған мата және басқа тұрмыстық қалдықтардың түсуі болып табылады. Бұл жабдықтың істен шығуына әкеледі. Сондықтан кәріз жүйесін пайдалану ережесін сақтап, оған тұрмыстық қалдықтардың түсуіне жол бермеу қажет. Қазіргі кезде бәрі қалыпты жұмыс істеп тұр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.15 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с