Оралда сайлау қалай өтіп жатыр

Сағат 17.00-ге қарай Батыс Қазақстан облысындағы 20 учаскеде сайлаушылардың келу белсенділігі 22 пайыз болды.

фото: facebook Srazhanov-Beknur

Батыс Қазақстан облысындағы 20 учаскедегі сайлауды бақылаған «Жария» ұйымы халықтың қатысу белсенділігі 22 пайыз болғанын хабарлады. Бұл жөнінде ұйымның дерегіне сүйенген журналист Тамара Еслямова жазды.

“Сағат 17.00-ге қарай Батыс Қазақстан облысындағы 20 учаскеде сайлаушылардың келу белсенділігі 22 пайыз болды. Мұнда құрылтай сайлауын “Жария” қоғамдық ұйымы бақылап отыр. Мұндағы учаскелерге барлығы 37 672 сайлаушы тіркелген. Бұл жөнінде сайлау учаскелеріндегі бақылаушыларының деректеріне сүйенген ұйымның өкілдері хабарлады.

“Жария” бүгін Батыс Қазақстан облысындағы 20 учаскедегі дауыс беруді бақылап отыр. Жетеуі облыс аудандарында орналасқан: екеуі – Сырым, екеуі – Бәйтерек, үшеуі – Бөрілі аудандарында. Қалғаны Орал қаласында. Бұл жолғы сайлауға “Жария” қоғамдық ұйымынан алдыңғыларымен салыстырғанда азырақ бақылаушы қатысып жатыр. Алдыңғы республикалық сайлауларда ұйым кемінде 50 сайлау учаскесін қамтыды» деп жазды журналист.

Ұйым өкілдерінің түсіндіруінше, мұның бірнеше себебі бар. Бір бөлігі бірқатар белгілі қоғамдық ұйымдар мен белсенділердің қауіпсіздік мәселесіне байланысты сайлауды бақылаудан бас тартқаннан кейін жұмыс істеуден бас тартты.

Ал ОСК сағат 16.00-де БҚО-да сайлауға қатысу белсенділігі 61.8% жеткенін хабарлады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.63 ℃
Днем5.02 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с