Оралда сот кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына жіберуден бас тартты

Сотқа жүгінуге кәмелетке толмағанның мінез-құлқына және оқу процесіне деген көзқарасына байланысты мән-жайлар негіз болған. Арызда сабақтарды дәлелді себептерсіз босатуы және оқу процесінен жалтаруы көрсетілген.

Сотпен Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Орал қаласының полиция басқармасының кәмелетке толмаған девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінуге кәмелетке толмағанның мінез-құлқына және оқу процесіне деген көзқарасына байланысты мән-жайлар негіз болған. Арызда сабақтарды дәлелді себептерсіз босатуы және оқу процесінен жалтаруы көрсетілген.

Сот талқылауы барысында кәмелетке толмағанның оқуы, мінез-құлқы мен тәрбиесіне қатысты мән-жайлар, сондай-ақ оған қатысты жүргізілген профилактикалық жұмыстар зерттелді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған сот отырысында білім беру ортасындағы қолайсыз ахуал, оның ішінде сыныптастары тарапынан қысым көрсету фактілері туралы хабарлады. Оның түсіндіруіне сәйкес, қалыптасқан жағдай оның эмоционалдық жағдайына және оқу орнына баруға деген көзқарасына теріс әсер етеді.

Сот отырысында прокурор аталған мән-жайларға және оларға тиісті түрде ден қою қажеттілігіне назар аударды.

Арызды шешу кезінде сот кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қолайсыз жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының ережелерін басшылыққа алды.

Аталған Заңның 23-бабына сәйкес, білім беру ұйымдары ерекше назар аударуды қажет ететін білім алушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді, кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдауды, сондай-ақ қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге міндетті. Заңның 78-бабында ерекше назар аударуды қажет ететін, оның ішінде сабақтарды жүйелі түрде дәлелді себептерсіз босататын және буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдау көрсету көзделген.

Сот сабақтарды босатудың болуы өздігінен кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымына жіберу үшін жеткілікті негіз болып табылмайды деген қорытындыға келді. Мұндай шешім қабылдау кезінде кәмелетке толмағанның мінез-құлқының себептері, оның оқуы мен тәрбиесінің жағдайлары, жеке ерекшеліктері, сондай-ақ жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың тиімділігі ескерілуі қажет.

Істі қарау нәтижелері бойынша сот кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы арызды қанағаттандырудан бас тартты.

Сонымен қатар, сот талқылауы барысында кәмелетке толмағандарға профилактикалық сүйемелдеу мен бақылаудың жеткіліксіз екендігін көрсететін мән-жайлар анықталды.

Атап айтқанда, сот тек сабақтарды босату фактілеріне ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағанның оқу процесінен жалтаруына ықпал етуі мүмкін себептерге, сондай-ақ оның білім беру ортасындағы қолайсыз ахуал және сыныптастары тарапынан қысым көрсету туралы хабарламаларына уақтылы ден қою қажеттілігіне назар аударды.

Осыған байланысты сот жеке ұйғарым шығарып, аталған мән-жайларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Орал қаласы полиция басқармасына және «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің назарына жеткізді.

Сот тиісті органдардың назарын кәмелетке толмағандарға тиісті профилактикалық және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, анықталған кемшіліктерді жоюға және болашақта осындай жағдайларға жол бермеуге аударды.

Осылайша, сот мәселені шешу кезінде сабақтарды босатуға байланысты мән-жайларды да, кәмелетке толмағанның өзі көрсеткен білім беру ортасына қатысты факторларды да ескерді. Бұл ретте оның құқықтары мен заңды мүдделерін, қауіпсіз білім алу жағдайларын қамтамасыз ету және уақтылы профилактикалық шаралар қабылдау басымдық болып табылады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с