Украина Самара облысындағы Ozon қоймасы мен мұнай өңдеу зауытына соққы жасады

Ozon қоймасының маңында «Промсинтез» және «Полимер» сияқты қорғаныс өнеркәсібіне қатысты кәсіпорындар орналасқан.

Фото: DW

2026 жылғы 22 тамызға қараған түні Украина қарулы күштері Ресейдің Самара облысындағы Ozon маркетплейсінің Чапаевск қаласында орналасқан ірі логистикалық кешеніне және өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне дрондармен соққы жасаған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищевтің мәлімдеуінше, шабуыл кезінде бірнеше адам зардап шеккен. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оның айтуынша, әуе шабуылы кезінде бірнеше ондаған дрон атып түсіріліп, басылған.

Ozon компаниясы қоймаға дрондар шабуылынан кейін өрт шыққанын растады. 500-ден астам қызметкер бірнеше минут ішінде эвакуацияланған. Алайда компания мәліметінше, зардап шеккендер бар. Логистикалық кешеннің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Чапаевскідегі Ozon логистикалық кешені Поволжьедегі маркетплейстің ең ірі нысандарының бірі саналады. Оның аумағы шамамен 135 мың шаршы метр.

Сондай-ақ Самара облысындағы Новокуйбышев мұнай өңдеу зауытында өрт шыққаны хабарланды. Кәсіпорын «Роснефть» компаниясына тиесілі.

Аналитиктердің мәліметінше, Ozon қоймасының маңында «Промсинтез» және «Полимер» сияқты қорғаныс өнеркәсібіне қатысты кәсіпорындар орналасқан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.63 ℃
Днем5.02 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с