Экзитпол қорытындысы: Құрылтайға қанша партия өтті?

Экзитпол – дауыс берген сайлаушылар арасында сайлау учаскесінен шыққан бойда жүргізілетін сауалнама.

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Экзитпол қорытындысы қандай?

«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға бес саяси партия өтуі мүмкін.

Алғашқы сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға 5 саяси партия өтуі мүмкін. Бұл деректерді Еуразиялық интеграция институты жариялады.

Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі мынадай:

  • «Әділет» партиясы — 71,80%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 5,20%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 1%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 3%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 6,40%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы — 5,10%;
  • Respublica — 5,40%;
  • «Бәріне қарсымын» — 2,10%.

ИКСИ «Социс-А» дерегі бойынша, Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі былай бөлінді:

  • «Әділет» партиясы — 70,7%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 6,4%;
  • Respublica — 5,5%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы — 5,4%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 5%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 3,2%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 1,2%;
  • «Бәріне қарсымын» — 2,6%.

Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, дауыс беру нәтижесі мынадай:

  • «Әділет» партиясы — 72,3%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 6,2%;
  • Respublica — 5,2%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы — 5,1%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 5%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 2,8%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 0,9%;
  • «Бәріне қарсымын» — 2,5%.

Осы есепке сүйенсек, 5 пайыздық межеден «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Ауыл», «Ақ жол» және Respublica партиялары өтуі мүмкін.

Экзитпол халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандартты әдістеме бойынша сұхбат түрінде жүргізілген.

Экзитпол деген не?

Экзитпол – дауыс берген сайлаушылар арасында сайлау учаскесінен шыққан бойда жүргізілетін сауалнама.

Әдетте сұхбат алушылар учаске маңында сайлаушылардан қай партияға немесе кімге дауыс бергенін сұрайды. Сауалнамаға қатысу ерікті.

Экзитпол ресми дауыстар толық саналып біткенге дейін сайлаудың ықтимал нәтижесін шамалауға мүмкіндік береді. Алайда оның қорытындысы сайлаудың ресми нәтижесі болып саналмайды және түпкілікті деректерден өзгеше болуы мүмкін.

Құрылтайға өту үшін қанша дауыс қажет?

Құрылтайға өту үшін саяси партия сайлауға қатысқан азаматтардың кемінде 5 пайыз дауысын жинауы керек.

Сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

Ресми нәтиже 30 тамызға дейін белгілі болуға тиіс.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем5.83 ℃
Вечером4.9 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с