Куәліксіз қалмау үшін медициналық комиссиядан қалай өту керек

65 жасқа толған жүргізуші қашан және қандай дәрігерлерге қаралады және бұл қанша тұрады?

Фото: shutterstock.com/Irzhanova Ase

«Жол жүрісі туралы» заңға енетін өзгеріс биыл 25 тамызда күшіне енеді. Онда 65 жастан асқан жүргізуші екі жыл сайын міндетті медициналық тексерістен өтпесе, куәлігінен автоматты түрде айырылады деп жазылған. Сол күннен бастап 75-баптың 1-тармағына 2-1) тармақшасы қосылады. Медициналық көрсеткіш бойынша көлік құралын басқаруға рұқсат етілген немесе оны басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар адам туралы мәлімет уәкілетті орган пайдаланатын жол жүрісі саласындағы цифрлы жүйеде болмаса, куәліктің күші жойылады.

Жасы келген жүргізушіні тексеру талабы 2014 жылдың күзінен бар. Бірақ билік бұған енді назар аударып отыр. Өйткені медициналық тексеріске немқұрайлы қарағандар қатаң жазаланады.

Жаңа норма Әкімшілік кодекске (46-бапта арнайы куәліктен тек сот айырады делінген) және Конституцияға қайшы келеді.

Полиция түсіндіргендей, жүргізуші көлік басқару құқығынан толық айырылмайды, тек құжаты уақытша жарамсыз болады. 65 жасқа тола салысымен комиссиядан өтудің қажеті жоқ. Бұл медициналық ұйымдарда кезектің көбеюіне әкелуі мүмкін. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев алғашқы міндетті медициналық тексерістен екі жыл ішінде, яғни 67 жасқа толғанға дейін өту қажет деді. Анықтама екі жыл бойы жарамды болады. Азамат келесі тексерістен 69 жасқа, одан кейін 71 жасқа толғанда өтеді және әрі қарай осылай жалғасады.

Қай дәрігерлерге бару керек

Жасы келген жүргізуші арнайы медициналық комиссияның қорытындысын алуы қажет. Олар:

  • жалпы практика дәрігері (терапевт);
  • психиатр;
  • көз дәрігері;
  • отоларинголог (құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдейтін дәрігер)

Яғни алғаш рет жүргізуші куәлігін алуға дайындалып жүрген адамдар баратын мамандардың тізімі. Медициналық комиссияның қорытындысына шағымдануға болатынын ескерген жөн.

Тексеріс аяқталған соң № 073/у анықтамасы рәсімделеді. Оған 3×4 өлшемді суретті қосасыз.

Қай анықтаманы өзіңіз аласыз

eGov.kz порталынан психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтыны туралы анықтаманы алу қажет. Оны Kaspi.kz қосымшасы арқылы да алуға болады.

Медициналық тексеріс қанша тұрады

Бірыңғай баға жоқ, құны медициналық ұйымға байланысты. Тарифті ұйым өзі белгілейді. Орта есеппен 5-10 мың теңге болады. Азаматтың наркодиспансер мен психдиспансерде есепте тұрмайтынын растайтын анықтама порталда тегін беріледі.

kolesa.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-07
Утром3.31 ℃
Днем5.29 ℃
Вечером4.33 ℃
Ночью3.15 ℃
Влажность97 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра4.55 м/с
2026-11-08
Утром2.73 ℃
Днем3.09 ℃
Вечером1.2 ℃
Ночью-1.88 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.56 м/с