«Жария» ҚБ сайлау заңнамасын бұзу туралы бірнеше актілер жасады
Құрылтайға сайлауды «Жария» қоғамдық бірлестігінің бақылаушылары бақылаған Орал қаласының 14 сайлау учаскесінде келушілер саны 24,78% құрады.

«Жария» ҚБ тәуелсіз бақылаушыларының колдинациялық штабы хабарлайды:
Құрылтайға сайлауды «Жария» қоғамдық бірлестігінің бақылаушылары бақылаған Орал қаласының 14 сайлау учаскесінде келушілер саны 24,78% құрады.
Жалпы, ұйымның бақылауымен қамтылған Батыс Қазақстан облысының 21 учаскесі бойынша сайлаушылардың 30,4% дауыс берді.
Жиналған «Жария» хаттамаларына сәйкес, осы 21 учаскедегі тізімге 39 430 сайлаушы енгізілген.
Хаттамалардың деректері бойынша БҚО қамтылған учаскелерінде дауыстар былайша бөлінді:
* «Әділет» — 50,18%;
* «Ауыл» — 15,89%;
* Қазақстан Халық партиясы-9,37%;
* «Барлығына қарсы» — 7.01%;
* «Республика» — 5,04%;
* «Ақ жол» — 4,58%;
* ЖСДП — 2,82%;
* «Байтақ» — 1,94%.
Бұл сандар «Жария» байқаушылары қамтыған учаскелерге ғана қатысты және Батыс Қазақстан облысы бойынша дауыс берудің қорытынды нәтижелері болып табылмайды.
Бақылаушылар сонымен қатар сайлау заңнамасын бұзу туралы бірнеше актілер жасады. Ұйымның мәліметінше, тіркелген жағдайлардың көпшілігі сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты.
«Жария» үйлестіру штабы Бөрлі ауданының Қызылтал және Пугачево ауылдарындағы учаскелерге жеке назар аударды. Ұйымның мәліметінше, онда 736 сайлаушы сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс берген. «Жария» бұл деректерді талдап жатқанын хабарлады.
Тамара Еслямова
