Қазақстандағы «Конденсат» МӨЗ Ресей мұнайын өңдеп, Ресейге отын жеткізуді бастайды
2017 жылы бұл МӨЗ қуаттылығын жылына 650 мың тоннадан 850 мың тоннаға дейін арттырды.

Бұл туралы «Интерфакс» Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, ел Үкіметі Ресей Энергетика министрлігінен ресми өтініш алған. «Конденсат» зауыты ресейлік мұнайды өңдеп, өндірілген көлемнің 70%—. Ресейге жіберетін болады», — деді Ақкенженов.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей Федерациясы БҚО-дағы «Конденсат» шағын мұнай өңдеу зауытын пайдалануды ұсынғанын айтты.
«Қателеспесем, бұл зауыттың 50%-ы ресейлік компанияға тиесілі. Біз РФ Энергетика министрлігінен осы МӨЗ-ді ресейлік мұнаймен жүктеуге қатысты ресми хат алдық. Мен бұдан ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Өйткені өндірілетін бензин мен дизель отынының 30%-ы Қазақстанда қалады, қалғаны РФ-ға кетеді. Біз осындай уағдаластыққа келдік», — деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар министрге «Ресей мұнайын өңдеу Қазақстанға қарсы санкциялар енгізу қаупін тудырмай ма?» деген сұрақ қойылды.
«Кәсіпорын иесі ешқандай санкциялық тізімге енгізілмеген», — деп жауап берді Е. Ақкенженов.
«Конденсат» мұнай өңдеу зауыты Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Ол Қарашығанақ кен орнында аймақты дизель отынымен және бензинмен қамтамасыз ету үшін салынған. 2017 жылы бұл МӨЗ қуаттылығын жылына 650 мың тоннадан 850 мың тоннаға дейін арттырды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Конденсат» АҚ шілде айында Ресейге автобензиннің алғашқы партиясын жіберді-Reuters
