Қазақстанда зиянкестер жұққан 113 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі анықталды

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданып, айыппұл салынды.

Фото көзі: ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Иран мен Ресейден әкелінген 113 тоннадан астам зиянкестер жұққан ауыл шаруашылығы өнімін Қазақстанда сатуға жібермеді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстанға 113 тоннадан астам залалданған ауыл шаруашылығы өнімі кіргізілмеді. Ираннан және Ресейден Қазақстанға әкелінген салат, арпа және қызанақ өнімдері партиясынан қауіпті карантиндік нысандар анықталды», — делінген жұма күнгі хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, заң бұзушылықтарды агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторлары мемлекеттік шекарада фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында анықтаған. Маңғыстау облысындағы «Темір-Баба» автомобиль өткізу бекетінде Ираннан жеткізілген салмағы 9,9 тонна «Айсберг» салаты партиясынан батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis) анықталған.

Фото көзі: ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, аталған қауіпті карантиндік зиянкес Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» бақылау бекетінде де анықталған. Ресейдің Орынбор облысынан жеткізілген 0,7 тонна «Айсберг» салаты өінмдерінен батыс гүл трипсі табылған.

Сондай-ақ аталған елден әкелінген, жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын азық-түлікке арналған арпа өнімдерінен ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіретін карантиндік арамшөп – жатаған кекіре (Acroptilon repens) анықталған.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында салмағы 3 тонна қызанақ партиясын тексеру кезінде мамандар бірден екі карантиндік нысанды анықтады. Олар – оңтүстікамерикалық қызанақ күйесі (Tuta absoluta) және қызанақ жемісінің қоңыр әжімділік вирусы (Tomato brown rugose fruit virus).

«Олардың барлығы «Фитосанитария» мекемесінің тіркелген зертханаларында жүргізілген фитосанитариялық сараптама нәтижелерімен расталды», – деп атап өтілген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, анықталған фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданып, айыппұл салынды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-15
Утром10.6 ℃
Днем6.46 ℃
Вечером2.9 ℃
Ночью3.12 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.9 м/с
2026-11-16
Утром2.14 ℃
Днем4.03 ℃
Вечером1.83 ℃
Ночью0.84 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.93 м/с