Бензин сапасына күдік: Қазақстанда АИ-95 пен АИ-98 тексеріле бастады

Әзірге мәселенің нақты неден шыққаны белгісіз. Жанармай құю желілері күдікті зауытқа бағыттаса, мұнай өңдеу зауыты мәселе жанармай бекеттерінде болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

АИ-95 маркалы бензиннің сапасына күмән бар / фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда АИ-95 және АИ-98 бензинінің сапасына қатысты шағымдар көбейген. Кей жүргізушілер жанармай құйғаннан кейін көлігінде ақау пайда болғанын айтып отыр. Осыған байланысты Энергетика министрлігі Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасын тексеруге кірісті.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, бір күн бұрын Павлодарға вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев пен Техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары жіберілген. Олар зауытты тексеріп, АИ-95 пен АИ-98 бензинінен сынама алады.

Әзірге мәселенің нақты неден шыққаны белгісіз. Жанармай құю желілері күдікті зауытқа бағыттаса, мұнай өңдеу зауыты мәселе жанармай бекеттерінде болуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

«Барлығын тексеріп, жақын арада нақты қорытынды жасаймыз», – деді министр.

Ақкенженовтің сөзінше, жақын күндері нарыққа бензиннің жаңа партиясы жеткізіледі. Соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан өнім 10–12 күн ішінде келуі тиіс.

Тексеру қорытындысында жүргізушілердің шағымы бензин өндіру технологиясымен байланысты ма, әлде жанармайды сақтау және өткізу кезінде туындады ма – соны анықтамақ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-15
Утром10.6 ℃
Днем6.46 ℃
Вечером2.9 ℃
Ночью3.12 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра6.9 м/с
2026-11-16
Утром2.14 ℃
Днем4.03 ℃
Вечером1.83 ℃
Ночью0.84 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.93 м/с