Қазақстанда жаңа арал пайда болды

Жаңадан пайда болған аралдардың бірі Рыбачий деп аталады.

фото: BES.media.

Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде жаңа арал пайда болды. Жаңадан қалыптасқан құрлық әуеден видеоға түсірілген, деп хабарлады bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Caspian Holiday компаниясының негізін қалаушы Ерболат Мұқашов мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы 4-5 жылда Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты теңіздің солтүстік бөлігінде жаңа аралдар пайда бола бастаған. Мұндай өзгерістер Каспий итбалықтары мекендейтін Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал, Маякшыққан және Долгий аралдарының маңында байқалады.

Жаңадан пайда болған аралдардың бірі Рыбачий деп аталады. Ол Святой аралының шығыс жағында орналасқан.

«Жақында пайда болған аралдардың бірі – Рыбачий. Ол Святой аралынан шамамен 500 метр шығысқа қарай және Баутино ауылынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан», – деді Ерболат Мұқашов.

Маманның сөзінше, бұл аумақтағы аралдарды негізінен қасқырлар мекендейді. Сондай-ақ жабайы қабандар мен борсықтар кездеседі. Ал аралдар мен олардың жағалауындағы суда балық пен құстың көптеген түрі тіршілік етеді.

Ерболат Мұқашов жаңа аралға Маңғыстаудағы Каспий теңізін қорғаушы әрі эко-сарапшы Данияр Әкімжановтың көмегімен барғанын айтты.

«Бұл аумақ өзінің таңғажайып әрі көркем табиғатымен ерекшеленеді», – деді ол.

Жаңа аралдың пайда болуы Каспий теңізі деңгейінің соңғы жылдары төмендеуінің көзге көрінетін салдарының бірі болып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.15 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с