БҚО-да қызметтік көлікті жеке мақсатына пайдаланғандар анықталды

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы тиіс.

фото: atr.kz

Өңірдегі мемлекеттік органдарда жауапты лауазымды тұлғалардың қызметтік автокөліктің қозғалысы мен пайдаланылуына тиісінше бақылау жасамайтынын көрсетеді. Соның ішінде қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдалану және жол жүру қағидаларын, әсіресе, түнгі мезгілде бұзу тыйылмай отыр.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің бас маманы Дулатбек Молдағалиевтің әдеп жөніндегі кеңестің отырысында мәлім еткеніндей, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабын (белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бұзушылықтың 21-і орталық мемлекеттік органдарға, 91-і жергілікті атқарушы органдарға, жетеуі мәслихаттарға тиесілі.

Оның сөзіне қарағанда, Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарында – 13, Теректіде – 8, Сырым аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және БҚО құрылыс басқармасында – 5, Орал қаласы мен Ақжайық ауданында – 4, Бөкей ордасында 3 бұзушылық орын алған.

– 119 бұзушылықтың 22-сі қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта, демалыс және мереке күндері пайдалануға қатысты болды. Мұның төртеуі Ақжайық, үшеуі Бөкей ордасы, екеуі Жәнібек ауданы, бір-бірден Ұлттық статистика бюросы БҚО бойынша департаменті мен Қаратөбе аудандық мәслихатына тиесілі болып шықты, – деді Д.Молдағалиев.

Бас маманның айтуынша, аталған деректерді талдау нәтижесі өңірдегі мемлекеттік органдарда жауапты лауазымды тұлғалардың қызметтік автокөліктің қозғалысы мен пайдаланылуына тиісінше бақылау жасамайтынын көрсетеді. Соның ішінде қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдалану және жол жүру қағидаларын, әсіресе, түнгі мезгілде бұзу тыйылмай отыр.

Әдеп кодексінде қамтылған талаптарды мемлекеттік қызметшілердің сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром4.47 ℃
Днем5.53 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с